22.10.2022 жылы "Мирас" колледж мекемесінде Республика күніне орай "Менің Отаным-Қазақстан" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту мақсатында, колледж білім алушыларының арасында мерекелік концерт жүргізілді. Іс-шара барысында студенттер ән айтып, домбыраның күмбірлеген күйі мен "Ерке сылқым" би ансамблі өнер көрсетіп, Отанға арнау өдеңдері оқылды. Концертке жетекшілік еткен Жастар комитеті Женисгул Ерболқызы мен топ тәлімгері Динара Сейтжанқызы.