21.10.2022 жылы "Мирас" колледжі мекемесінде 25-қазан Республика күніне арналған "Бірлігіміз жарасқан Қазақстан" тақырыбында дәрістер мен кураторлық сағаты ұйымдастырылды. Аталған мерекенің тарихы мен мақсатын таныстыра отырып, жастарды белсенді өмір сүруге, елге қызмет ету мен патриоттық сананы кеңейтуді көздеді. Бірнеше сұрақтар қойылып, тың ақпараттар жеткізілді. Жиында алғаш болып модераторлық еткен "Сервис және технология" бөлімінің кураторы Динара Сейтжанқызы қазақ тілінде, "Экономика және ақпараттық технология" бөлімінің кураторы Ирина Александровна орыс тілінде дәріс оқыды.