30.09.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Жастар Ресурстық Орталығы КММ-нің және Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-мен бірлесе отырып, қала аумағындағы орта оқу орындарының жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында колледж білім алушылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім алушылар белсене қатысып, өз ойларын жеткізе отыра, дінге қатысты ойларында жүрген барлық сауалдарға жауап ала алды.