«Үздік оқырман» сайысы

Мирас» колледжі мекемесінде 10 маусым күні «Үздік оқырман-2022» сайысы өтті. Колледж кітапханашысы Г.И.Торебекова жоспар бойынша жасалған жұмыстарына есеп берді.

«Үздік оқырман-2022» сайысы 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлім тақырып бойынша эссе жазу, 2 бөлім интелектуалды ойын.

Кітапханамен үнемі қатынаста, білімдерін жетілдіріп жүрген оқырмандарымызға  арнайы жүлделер берілді.

  • Формуляр бойынша - «Алтын формуляр» Құдайберген Алихан
  • Формуляр бойынша - «Күміс формуляр» Джакупова Балнұр

Колледж директоры Н.К.Абуева  оқырмандарға жүлделерімен құттықтап, кітап оқуға, шығармалар жазып білімдерін дамытуға шақырды.