«Таудағы қауіпсіздік ережелері» кураторлық сағаттар

2022 жылдың 29 сәуір күні Алдағы мамыр мерекелеріне байланысты табиғат аясында серуен маусымы басталады және студенттер арасында жарақат алу қаупі артуы мүмкін. Сондықтан, көктемгі тауға шығу, серуендеу кезінде қауіпсіздік шаралар мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында бүгін «Мирас» колледжінің кураторлары «Таудағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында кураторлық сағаттарын нұсқаулық форматында өткізді. Мультимедиялық тақталарды қолдана отырып ережелерді талқылай түсіндірді.