Абай атындағы қалалық кітапханадағы іс-шара

Көпшілік оқырмандарға рухани азық беру мақсатында «Тәуелсіздік рухымен» атты іс – шара өтті. Іс-шараға «Мирас» колледжінің кітапханашысы Торебекова Г.И академик, сыншы туралы естеліктер айтты. «Мирас» колледжі мекемесінің А-211 тобының білім алушылары Назымбекова Ә,Умирхан С өлеңдерін оқыды. Әдеби кештің соңында кітапхананың әдіскер бөлімінің меңгерушісі Сұлтанбек Р. келген қонақтарға алғысын білдіріп, әдеби сағатына белсене қатысқан оқырмандарға марапаттау тапсырылды.

Мақсаты: Қазақ әдебиеттану ғылымының алыбы, оның өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру. Оқырманға Серік Смайылұлы Қирабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.