«Мирас» колледжі мекемесінде тәрбие ісі жоспарына сәйкес «Жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, зорлық зомбылықтың, суицидтің, алкоголизм мен нашақорлықтың, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу мақсаты:
- жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
- білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру;
- қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Кездесу қонақтары:
- Иргебаев Жандос Тлеуханұлы - Шымкент қаласының полиция департаменті Абай ауданының полиция басқармасының полиция майоры;
- Кертаева Раушан – учаскелік полиция аға инспекторы.