Внутренний чемпионат World Skills

2021 жылдың 22-24 желтоқсан күндері "Мирас" колледжі мекемесінде "Киберқауіпсіздік" және "Мобильді қосымшаларды әзірлеу"құзыреттіліктері бойынша World Skills чемпионаты өтті. Конкурстық тапсырманы орындау барысында барлық қатысушылар чемпионатқа дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Бақылаушылар ретінде "Международная школа дизайна и программирования" басшылары   Понкратьева Марина Михайловна мен Нұртаева Ләззат Нұрғалиқызы және "PLUR Solutions" IT компаниясының басшысы Абдуалиев Темірғали Әбілхайырұлы шақырылды. Конкурс қатысушылардың жұмыстарын бағалау CIS жүйесі арқылы өтті.

 

Чемпионатты өткізу барысында осы әлеуметтік серіктестердің қатысуымен семинар өткізілді.

Колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна семинардың барлық қатысушылары мен қонақтарына жұмыс берушілердің қатысуымен ішкі чемпионаттарды өткізудің артықшыларымен таныстырды.