2021 жылдың 15 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жұлдызды 30 күн" және тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес "Мирас" колледжі мекемесінде мерекелік күн ауқымды түрде аталып өтті. Таңертең колледжге келген оқытушылар мен білім алушыларды патриоттық әндермен күтіп алып, әнұран орындалды. Мерекелік концертте білім алушылар мен ұстаздар хоры орындалып, ұлттық биі биленді. Мерекелік концерттің соңында белсенді білім алушылар мен оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!