«Мирас» коледжі» мекемесінде 2021 жылдың 28 сәуірі оқытушылар арасында «ҚБТ режимінде педагогтердің кәсіби дамуы: жаңашылдық, мәселелер, тәжірибе» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізілген болатын.
Конференция мақсаты:
Оқытушылардың шығармашылығын шыңдау, қазіргі білім саласындағы өзгерістермен таныстыру, ҚБТ режимінде оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыру және кәсіби дамуы өзекті мәселелер, жаңашылдықтарды талқылау, практикалық және ғылыми-зерттеушілік тәжірибелерімен алмасу.
Конференция жұмысының барысында оқытушылардың тәжірибелік білімдерін жаңарту, пәндерді оқытудың сапасын жетілдіру, оқу үрдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып функционалдық сауаттылықтарын дамыту, оқыту мен тәрбиенің инновациялық әдіс-тәсілдерімен таныстыру, тәжірибе алмасу және т.б. өзекті мәселелер қарастырылды.
Конференция нәтижелері:
1-орын: Рымканова Айдана Жақыпкызы
2- орын: Наушабай Даурен Сейткаримұлы
2- орын: Байдалиева Ұлбала Болатқызы
3- орын: Байдулла Ақерке Қуанышбекқызы
3- орын: Қалдарова Айжамал Ердаулетқызы