“Жамбыл өсиеттері” кітап көрмесі

2021 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2020-2021 оқу жылына арналған тәрбие ісі жоспарына және 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында, “Мирас” колледжі” мекемесінде “Жамбыл өсиеттері” кітап көрмесі өтті.

 

Кітап көрмесінің мақсаты:

  • ”Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасы “Ұлттық бірегейлікті сақтау” бағытында жұмыс жүргізу;
  • Өскелең ұрпақтың оқу мәртебесін, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру;
  • Білім алушылардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту.

 

Іс-шара барысында 1 курс білім алушылары жырау еңбектеріне тоқталып, бірнеше өлеңдерімен бөлісті.