2021 жылдың 16 ақпанында “Мирас” колледжі” мекемесінде 0506000 “Шаштараз өнері және сәндік косметика” мамандығы бойынша білім алушылардың дипломдық жобаларды қорғауы қашықтықтан ZOOM платформасында өтті.
Білім алушылар мамандық бойынша алған білімдерін көрсете отырып, өндірістегі жұмыс тәжірибесін теориямен ұштастыра білді.
Қорғалған жұмыстар комиссия төрағасы мен мүшелері тарапынан жоғары бағаланды.