Әдістемелік кеңес

2021 жылдың 5 ақпаны күні "Мирас" колледжі" мекемесінде 2020-2021 оқу оқу жылындағы әдістемелік кеңесінің жоспарына сәйкес кезекті әдістемелік кеңес өтті.

 

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер талқыланды:

2020-2021 оқу жылының бірінші жартысында оқу үлгерімінің нәтижелері. Бөлім бойынша білім сапасының мониторингі туралы әр бөлім бойынша оқу бөлімі, бөлім меңгерушілері баяндама жасап,презентация көрсетілді.

 

Оқытушыларды біліктілікке аттестаттау туралы жоспары. Педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы ақпаратты колледж әдіскері 2020-2021 оқу жылындағы біліктілігін арттыруға өтініш білдірген оқытушылар туралы ақпарат берді.

«Ақпараттық технология және экономикалық пәндер» ПЦК апталығының қорытындысын шығару жөнінде бөлім меңгерушілері, ПЦК төрайымдары өз ойларын айтып, пікірлерін ортаға салды.

Колледж мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік кешендерді дамыту бойынша оқытушылардың шығармашылық есебі бойынша ақпаратты әр ПЦК төрайымы оқытушылардың оқу-әдістемелік кешендерді дамытуындағы жүзеге асқан жұмыстары туралы есебін берді.

2020-2021 оқу жылының І жартыжылына ПЦК жұмыс жоспарының орындалуы мен оқытушылардың жеке жоспарлары туралы колледж әдіскері, ПЦК төрайымдары 2020-2021 оқу жылындағы ПЦК жоспарының І жартыжылығында атқарылған жұмыстары, оқытушылардың жеке жоспарларының орындау барысы мен жүзеге асуы туралы айтып өтті.