«Забирай только воспоминания, оставляй только следы» фестивалі

2020 жыдың 20 қарашасында “Мирас” колледжінің 15 жылдық мерейтойын тойлау барысында Сайрам Өгем МҰТ паркінде “Забирай только воспоминания, оставляй только следы” фестивалі өтті.

Фестиваль танымдық сипатта өткізілді және еліміздің барлық аумағындағы мамандар үшін өзекті, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілік ретінде "Гид-экскурсовод" құзыреттілігін тұтас түсінуді қалыптастыруға бағытталды.

 

Табиғаттың керемет көрінісінде “Күз сұлулықтары” сайысы, сонымен қатар спорттық серуендер өткізілді.