2020 жылдың 20 қараша күні Түркістан облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Шаштараз өнері және сәндік косметика» құзыреттілігі бойынша «Жасанды шаштан шашқа арналған әшекей бұйымдар жасау» тақырыбындағы онлайн шебер сынып «Мирас» колледжі» базасында өтті.
Шебер сыныпқа облыстық әдістемелік орталық қызметкерлері, колледж әдіскерлері, «Мирас» колледжі директоры, әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары, Кентау қаласының №7 және Сайрам ауданының «Оқу – өндірістік комбинат» КММ қызметкерлері қатысты.
Онлайн тәжірибелік семинар мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың заманауи технологиялардың ерекшеліктерімен таныстыру.
Онлайн тәжірибелік семинар бағдарламасы бойынша колледж директоры Абуева Н.К, алғы сөз сөйлеп, семинарды ашты.
Бағдарлама бойынша «Мирас» колледжінің арнайы пән оқытушысы Удовиченко Т.Г жасанды шаштан шашқа арналған әшекей бұйымдар жасаудың жолдарын, видео арқылы жасау тәсілдерін, техникасын көрсете отырып, тәжірибесімен бөлісті.
Шебер сыныпта қатысушылар пікір алмасты және ұсыныстарын айтып өтті.