«Тырнақ» саласындағы жаңашылдық тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстел

2020 жылдың 12 қараша  күні «Шаштараз өнері және сәндік косметика» құзыреттілік орталығы «Мирас»  колледжі ұйымдастыруымен облыстық әдістемелік орталық қызметкерлері, колледж әдіскерлері, «Мирас» колледжі директоры, әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары, Кентау қаласының №7 колледжінің арнайы пән оқытушылары, Парасат колледжінің арнайы пән оқытушысы, Сайрам ауданының «Оқу – өндірістік комбинат» КММ қызметкерлері және әлеуметтік серіктестер: Нейл-стилист салон «Пэрис» Беспалова Любовь Викторовна, нейл-стилист, моно-студия «Территория профессионалов» Маковская Виктория Сергеевна, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-ТжКБ) «Шаштараз өнері және сәндік косметика» құзыреттілігі бойынша «Тырнақ» саласындағы жаңашылдық тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.