2020 жылдың 8 қыркүйектен 6 қазан аралығында қашықтықтан «Мирас» колледжі» мекемесінің білім алушылары арасында Президент сайлауы өтті. Сайлаудың мақсаты - колледждің әлеуметтік өмірін жақсарта алатын, оны әртараптандыратын және студенттерді оқуға, белсенділікке ынталандыратын көшбасшыны анықтау.
Сайлауға үш студент өз кандидатураларын ұсынды:
- Бәкір Нұрғазы ВТ-182г тобының студенті
- Тұрар Дияр - Қ-191 топ студенті
- УА-182 тобының студенті Илесов Мирас
Сайлау онлайн режимінде өтті, барлық колледж студенттері дауыс беруге қатысып, өз кандидаттарын қолдады. Дауыс беру нәтижесінде Илесов Мирас 60% -дан астам дауыс жинап, колледж президенті болып сайланды.