«Мен жүрегімді тауда қалдырдым» атты фестивалі

2020 жылдың 26 қыркүйегінде Түркістан облысы «Туризм» құзыреттілігі орталығының 2020-2021 оқу жылының жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 27 қыркүйек - Дүниеүзілік туризм күніне орай «Мирас» колледжінің білім алушылары үшін «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорнына экскурсия ұйымдастырылды. Білім алушылар «Мен жүрегімді тауда қалдырдым» атты фестиваліне қатысты.

 

Білім алушылар үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген нұсқаушысы, Облыстық «Туризм» құзыреттілігі бойынша WSK-ның бас сарапшысы, туризм мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы - Елена Густавна Керхердің жетекшілігімен «Смородиновое» шатқалына серуен ұйымдастырылды. Білім алушылар фестиваль ұйымдастырушылары өткізген туристік кедергілер курсына және альпинизм сабақтарына қатысты. Фестивальден білім алушылар жақсы әсермен оралды.