Елордамыз Нұрсұлтан қаласында орналасқан «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы, еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында тұңғыш «Үздік студенттер академиясы» жобасын ұйымдастырды. «Мирас» колледжі мекемесінің 2 курс білім алушысы Егізбек Айкерім аталған жобаға қатысып, құттықтау хат алып және арнайы "Алтын төс белгі" тағайындалып, академия мүшесі болып қабылданды. «Қазақстан Республикасы жастарының алтын кітабы» жинағына өмірбаяны енгізілді.Сонымен қатар ата-анасына, жетекшісі «Мирас» колледжі мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхыбекова Салима Пулатовнаға да алғыс хат тағайындалды.
Марапаттау рәсімі 2020 жылдың мамыр айында Нұрсұлтан қаласында Министрліктер үйінде өтетін болады.