Студенттер байқауы

«МИРАС» колледжі мекемесі Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында эссе жазу байқауын жариялайды.

Байқауға колледждің барлық білім алушылары қатыса алады. Ол үшін

 

  • «Менің ... (атам, арғы атам, туысым, көршім, қала және ауыл тұрғыны және т. б.) – майдангер!»;
  • «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»;
  • «Халық қаһармандары - ел батырлары»;
  • «Естеліктің шегі болмайды...», тақырыптары аясында жазылған эссе жұмыстарын төменде көрсетілген электронды адреске жолдау қажет.

Жұмыстар 2020 жылдың 30.04 – 06.05 аралығында қабылданады. Байқаудың қорытындысы 2020 жылдың 06 мамырында, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады. Байқау жұмыстарын Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  электронды адресіне немесе 87026979688 ватсап әлеуметтік желісіне жолдау қажет.

 БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында  колледж студенттері арасында эссе жазу байқауы туралы

1. Жалпы ереже:

  1. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында эссе жазудан байқау колледж деңгейінде өткізіліп отыр.
  2. Байқаудың ұйымдастырушысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхыбекова С.П. және жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Дулатова А.У.

 

2. Байқаудың мақсаты:

  1. Мақсаты: өскелең ұрпақта Отанының тарихына құрметпен қарау арқылы патриоттық сезімді тәрбиелеу.
  2. Міндеттері:

1) Ұлы Отан соғысы және оның батырларын мәңгі есте қалдыру;

2) білім алушыларды қазіргі қоғамның тарихи мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

3) рухани құндылықтар мен адамгершілік-эстетикалық өмір қағидаларын тәрбиелеу;

4) мейірімділікке, әділеттілікке, гуманизмге және басқа да оң әмбебап адамдық қасиеттерге тәрбиелеу;

5) білім алушылардың шығармашылығын дамытуға жәрдемдесу.

 

3. Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары:

  1. Байқауға колледжіміздің барлық білім алушылары қатыса алады.
  2. Ол үшін:
  • «Менің ... (атам, арғы атам, туысым, көршім, қала және ауыл тұрғыны және т. б.) – майдангер!»;
  • «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»;
  • «Халық қаһармандары - ел батырлары»;
  • «Естеліктің шегі болмайды...», тақырыптары аясында жазылған эссе жұмыстарын төменде көрсетілген электронды адреске жолдау қажет.
  1. Жұмыстар 2020 жылдың 30.04 – 06.05 аралығында қабылданады. Байқаудың қорытындысы 2020 жылдың 06 мамырында, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады. Байқау жұмыстарын Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.электронды адресіне немесе 87026979688 ватсап әлеуметтік желісіне жолдау қажет.
  2. Ерекше шарттары:
  • эссе өз бетімен орындалуы тиіс;
  • эссенің мазмұны байқау тақырыбын ашуы тиіс;
  • негізгі бөлімі, қорытындысы мен ұсыныстары ерекше болуы қажет;
  • ұсынылатын байқау жұмысы бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс.

Жұмыс Word форматында жазылады, қаріпі Times New Roman 14, бірыңғай жоларалық интервал, мәтінді түзету – беттің ені бойынша, жақтаулары: сол жағынан – 2,5 см, оң жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 1,5 см. Жұмыстың көлемі А4 пішіміндегі 1 беттен аспауы тиіс.

  1. Байқау жұмысына қоса, автор туралы төмендегі ақпараттар берілуі керек:
  • тегі, аты, әкесінің аты;
  • туған жылы;
  • тобы;
  • топ жетекшісі;
  • байланыс телефоны және жеке электронды адресі
  1. Байқау ережесі бойынша қазылар алқасының шешімімен "Ең үздік" деп танылған жұмыстар 1, 2, 3 орын иегерлері болып саналады. «Мирас» колледжі мекемесінің атынан арнайы  мақтау қағаздары тапсырылатын болады.

 

4. Байқаудың қазылар алқасы

  1. Колледж директоры: Абуева Н.К.

     Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шайхыбекова С.П.

  1. Қазылар алқасының шешімі өзгертуге жатпайды.

Байқауға байланысты барлық сұрақтарды 87026979688 нөмірі арқылы біле аласыздар.