Жаңалықтар

«Заң және жаза» тақырыбында жастар арасында кездесу

19.09 2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және жаза» тақырыбында жастар арасында кездесу өтті.Кездесуге Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Қанаев Берік Қожабайұлы қатысып, жастарға түнгі уақытта 22:00 ден кейін рейдтік жұмыстар жүргізілетіні туралы ескертіп, көшеге шықпау және электронды темекі, буллинг, кибербуулинг бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара соңында білім алушылар түсінбеген сұрақтарына жауап алды.

Кездесу мақсаты : жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

«Киелі Табиғат» республикалық сенбілік

16.09.2023жылы «Мирас »колледжі мекемесінің білім алушылары Жастар ресурстық орталығымен «Киелі Табиғат» республикалық сенбілігіне қатысып, Абдель- Азиз баб, Ибрагим – ата кесенесі , Қожа Салих кесенесі, Қарашаш ана кесенесі және Қызыр мұнарасымен таныстырылды.

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында кездесу

15.09.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Auezov Jastary»  Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуде білім алушылар өздерінің  сауалдарға жауап ала алды. Қала жастары арасындағы қылмыс, буллинг және психотропты есірткі заттардың алдын алу мақсатында колледж ішіне «Сенім жәшігі» орнатылды.

«Дене сергіту» челленджі

08.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Тоғыз айдағы 9 іс-шара» Тұжырымдамасы негізінде «Дене сергіту» челленджі өтті.

Челлендждің мақсаты – білім алушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру.

 

«Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбындағы кездесу

08.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Жастар Ресурстық Орталығы КММ-нің қоғаммен байланыс және ақпаратты талдау бөлімінің басшысы Сұлтан Ақерке Өскенбайқызы және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлы,Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы Кыпшакбаев Рауан Мухитулымен бірлесе отырып, қала аумағындағы орта оқу орындарының жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында колледж білім алушылармен кездесу ұйымдастырылды.  Кездесу барысында білім алушылар белсене қатысып, өз ойларын жеткізе отыра, дінге қатысты ойларында жүрген барлық сауалдарға жауап ала алды.

Жастар Ресурстық Орталығы КММ-мен өзара серіктестік

07.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесі Жастар Ресурстық Орталығы КММ-мен өзара серіктестік туралы жоспарға қол қойды. Мақсаты: Бірлескен жоспарды іске асыру және білім алушылардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсыну жолында жұмыстар жүргізу.

Тілім менің тірегім!

06.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Тілдер мерекесіне орай «Тілім менің тірегім!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды .

Мақсаты: Жастарға ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Тіл мәдениетін сақтау, мәдениетті сөйлеуге бағыттау.Көрмеге «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Құқықтану» мамандықтарының білім алушылары қатысты.

Тілдер мерекесі

05.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Тілдер мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл-менің тілім!» атты іс-шара өтті. Мақсаты: Білім алушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу!

Білім күні

2023 жылдың 1 қыркүйек күні «Мирас» колледжі мекемесінде «Білім күніне» арналған . салттанатты жиын өтті. Ұстаздар қауымы білім алушыларды құшақ жая қарсы алды. Білім алушыларға колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна білім алушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді. Іс шараға колледж әкімшілігі өкілдері қатысты.

Диплом табыстау салтанатты іс шара

01.07.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде бітіруші түлектерге арналған диплом табыстау рәсімі өтілді. Салтанатты іс-шараны колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна ашып, үздік үлгіде диплом алушы студенттерге диплом табыстады.