Жаңалықтар

«Қазақтың Қанышы»

20.02.2024жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Қазақтың Қанышы» тақырыбында білім алушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Жастарға Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен еңбек жолдарын таныстыру. Адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Ерте жүктіліктің алдын алу

14.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Дау Мед Жастар денсаулық орталыгының» мамандары врач-гинеколог Екатерина Вячеславна Телегина және психолог Абатова Гулфайруз Утарбаевна білім алушылармен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушылар өздерінің денсаулықтарына байланысты сұрақтарына жауап алды.

«Ата-ананың қадірі»

08.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Ізгілік» қоғамдық қорының басшысы Қайрат Бақытұлымен «Ата-ананың қадірі» тақырыбында TEDx- форматында кездесу өтті. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, рухани білім алды.

Дәстүрлі Ислам дінінің маңызы және кереғар діни ағымдардың алдын алу

05.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Дәстүрлі Ислам дінінің маңызы және кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында білім алушылармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Шымкент қаласы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан білім алушылармен сауалнама жүргізді. Жергілікті ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Сүйін Жұмағали студенттер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар арнайы дайындалған видеоролик көрсетіліп, студенттер қызықтырған сұрақтарын қойды.

Алаяқтардан сақтану жолдары

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарға өз  деректерін өзгеге ұсыну кезінде аса сақ болу керектігін ескертеді.

Сақ болыңыздар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.

Лудомания, суицид, отбасындағы зорлық-зомбылық, буллингті болдырмау және білім алушыларға есірткі, психотропты заттардың айналымы

12.01.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Тұран аудандық полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Абай Айғаным Мұхтарқызы және колледж психологтары білім алушылармен «Лудомания, суицид, отбасындағы зорлық-зомбылық, буллингті болдырмау және білім алушыларға есірткі, психотропты заттардың айналымы" тақырыбы бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында білім алушылар көптеген ақпараттар алып,қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Елбасы медалі

«Мирас» колледжі мекемесінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 1 курс студенті Ташметова Хадича Гуламжановна «Елбасы»  күміс медалін иеленді. Құттықтаймыз!   Бұл жоба жасы 14 пен 29 жастағы Қазақстан жастарына арналған. Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап , жеті бағыт бойынша білімін жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі.

"Кел, төрлет Жаңа жыл!"

«Мирас» колледжі мекемесінде Жаңа жыл мерекесіне орай "Кел, төрлет Жаңа жыл!" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында колледжіміздің білім алушылары өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна ұжымдастарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, белсенді әріптестерімізді арнайы алғыс хатпен мараппаттады.

Үздіктер шеруі 2023

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Үздіктер шеруі–2023» салтанатты шарасына қатысып, биылғы жылдың қорытындысы бойынша білім саласында кәсіби жетістіктерге жеткен жеңімпаздарды марапаттады. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында өткен марапаттау рәсімінде  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік мамандарына  құрмет көрсетілді. Колледжден «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша VІІІ республикалық «WorldSkills Kazakhstan–2023» чемпионатына қатысқан Таштемирова Лейла  Алғыс хатпен марапатталды.

Семинар

26.12.2023жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастауымен, Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер мен жастар арасында девиантты мінез құлық пен суицидтің алдын-алу мәселелері» бойынша оқыту семинары өтті.Семинарға колледж психологы Елғондиева Қ.Н және медицина бөлімінің меңгерушісі Сарынбетова Ж.С қатысты.