Профилактика СПИДа

23.11.2021 ж. 1 желтоқсан « Дүниежүзілік  ЖИТС-пен күресу күніне» орай Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес орталығының маманы Назира Жургенбаевамен  колледж 1 курс студенттері арасында  семинар өткізілді.

Профилактика табакокурения

04.11.2021 ж. бірінші курс студенттерімен  қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр нарколог Р.А. Баймурунова,  №13 емхана  терапевті Джаймаганбетова Д. Д.

Медбике Л. Дүйсенова, колледж психологтары О.А.Ким, А. Е.Қалдарованың қатысуымен «Темекіні тастаудың тиімді жолдары, темекінің зияндылығы» тақырыбында профилактикалық сұхбат түсіндірме жұмыстары өтті.

Профилактика ранней беременности

21.10.2021 жылы  №13 емхана терапевті Д. Д. Джаймаганбетова және медбике Л.Дүйсенова қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар гигиенасы, жыныс жолдары арқылы жұғатын жұқпалы аурулар» тақырыбында І курс студенттерімен профилактикалық сұхбат түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

Профилактика гриппа

16.10.2021 жылы  №13 емхана терапевті Д. Д. Джаймаганбетова және медбике Л.Дүйсенова қатысуымен колледж білім алушыларымен кездесу өтті. Тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекцияның алдын алу, тұмауға қарсы вакцинациялау, коронавирустық инфекцияның профилактикалық шараларын сақтау, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Ең бірінші байлық-денсаулық екенін ұғындыру, тәні саудың-жаны сау деген қағиданы еске ұстау. Өзін-өздері күтіп жүруге әр  адамның қарапайым санитарлық, гигиеналық ережелерді сақтауы. Ақпараттандыру жолымен алдын алу.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

2021 жылдың 21 қаңтарында «Мирас» колледжі» мекемесі «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына сәйкес, 2020-2021 оқу жылының 1 курс білім алушылары үшін аралас оқыту форматында оқу процесін қамтамасыз етті.

“Қызды қырық үйден тыю” семинар-тренингі

2021 жыл 2 ақпанында “Мирас” колледжі” мекемесі және Шымкент қаласы “Жастар денсаулығын сақтау орталығы” мекемесінің гинеколог маманы Ескараева Замира, психолог маман Сариева Фаридамен бірлесе отырып, колледж білім алушылары үшін “Қызды қырық үйден тыю” семинар-тренинг ZOOM платформасы арқылы өтті.

Жаңалықтар

9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мирас колледжі мекемесі сіздерді жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн 9 мамыр жеңіс күнімен құттықтайды! ...
Мирас колледжі мекемесінде «7 мамыр- Отан қорғаушылар» күніне орай ардагерлермен кездесу өткізілді.  Мерекелік кездесуге Абдрасилов Қайратбек Қырықбаевич, Орынбаев Ғалымжан Жанабилович, Қалышев ...
Мирас колледжі мекемесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан Өнегелі Ұрпақ апталығына сәйкес ...
1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі, ұлттар достығы  мерекесіне орай, «Мирас колледжі мекемесі мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекенің басты мақсаты- Көпұлтты Қазақстан Республикасының ...
#Шымкент_жастары #біз_лудоманияға_қарсымыз!
19.04.2024 жылы Мирас колледжі мекемесінің еріктілер тобы «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, өз үлестерін қосты.
15.04.2024 - 19.04.2024 ж аралығында «Мирас» колледжі мекемесінде дала жиыны өткізілді. 15.04.2024 күні дала жиынының арнайы ашылу салтанаты болды. Бір аптаға созылған оқу жаттығу жұмыстары ...
Мирас колледжі мекемесінде кішкентай оқушыларымызбен кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, ...