Экскурсия. Топ студенттерімен Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрына бару

Экскурсия. Топ студенттерімен Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрына бару

2026 жылғы 4 мамыр күні Мирас университетінің студенттерімен Шымкент қаласындағы Ж. Шанин атындағы қалалық академиялық драма театрына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттердің мәдени-рухани деңгейін арттыру, театр өнері арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру, сондай-ақ олардың көркем шығармаларды қабылдау және талдау қабілеттерін дамыту болып табылады. Сонымен қатар, студенттерді ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру да іс-шараның маңызды міндеттерінің бірі болды.

Экскурсия барысында студенттер театрдың қызметімен, шығармашылық үдерісімен және сахналық қойылымдардың дайындалу ерекшеліктерімен танысты. Театрдың ішкі құрылымы, актерлік шеберлік, режиссура және сахналық мәдениет туралы жалпы мағлұматтар берілді.

Іс-шара аясында студенттер «Тастамашы ана» спектаклін тамашалады. Қойылымда ананың тағдыры, өмірдің қиындықтары, әлеуметтік мәселелер мен адамгершілік құндылықтар кеңінен көрініс тапқан. Спектакль мазмұны студенттерге терең әсер қалдырып, олардың өмірлік көзқарастарының қалыптасуына оң ықпал етті.

Экскурсия нәтижесінде студенттердің театр өнеріне деген қызығушылығы артып, мәдениет пен өнерге деген құрметі нығая түсті. Осындай іс-шаралар студенттердің жан-жақты дамуына, олардың рухани және адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

 

 

Последние новости

15 сентября 2026 года в университете «Мирас» состоялась лекция на тему: «Соблюдение законодательства Республики Казахстан обучающимися, в том числе иностранными студентами: правовые требования и ...
14 сентября 2026 года в университете «Мирас» состоялась содержательная встреча, посвящённая презентации книги Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз». В ...
4.09.2026г.  В рамках работы психологической службы совместно с сектором «Педагогика и психология», психолог Сенова Ю.С. провела обучающий семинар для кураторов академических групп на тему: «Алгоритм ...
29 июня 2026 года в университете «Мирас» состоялась открытая лекция, посвящённая разъяснению ценностей и принципов новой Конституции Республики Казахстан.
04 июня 2026 года в университете «Мирас» состоялась интеллектуальная игра, посвящённые Дню государственных символов Республики Казахстан.
1 июня 2026 года в университете «Мирас» была организована встреча на тему: «Правовая реформа – прочная основа развития страны». Встречу провел кандидат юридических наук, старший преподаватель сектора ...
15.05.2026 года сектором «Естествознание, физическая культура и дизайн» было организовано воспитательное мероприятие ко Дню отца на тему «Парасатты әке – ұлағатты ұстаз».
15.05.2026 психолог университета «Мирас» Сенова Юлия Сергеевна в рамках идеологемы «Крепкая семья — прочная основа общества» провела лекцию, посвящённую Международному дню семьи, для студентов ...