«Әл-Фараби - философ, ғалым, энциклопедист» атты ғылыми семинар

6 мамыр 2020 жылы сағат 12-00 онлайн форматта Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Әл-Фараби - философ, ғалым, энциклопедист» атты ғылыми семинар өткізілді. Ұйымдастырушы: «Мирас» университеті қазақ тілі және әдебиеті секторының ф.ғ.к., аға оқытушы Усенбаева С.С.
Мақсаты: студенттерді Әбу Насыр әл – Фарабидің өмірімен таныстыру және  ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу.
Ғылыми онлайн семинар барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ф.ғ.к, профессор м.а. Арынғазиева Б.Б., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ф.ғ.к, доцент м.а. Куленова І.М., «Мирас» университетінің п.ғ.к., аға оқытушы Жанболатов С.Е., «Мирас» университетінің магистр, оқытушысы Худайбергенов Е.Ж баяндама жасады.
Онлайн семинар тыңдаушылар үшін кәсіби-танымдық тұрғыдан өте пайдалы болды.