Табыс тарихтары

Табыс тарихтары

 

Мирас университеті бітірушілерінің табысы.


1997 жылға Мирас университетін бірінші студенттерге өз есіктерін ашқаннан бері , көп нәрсе өзгерді. Мирас университетінің мақсаттары –жас тәуелсіз Қазақстанның экономикасын өркендету, қабілеттілерін көтеру, демократиялық өзгерістерге қарсы шығу жүру және қоғамда уақыттардың жаңа шақыруларына істің ебін білетіндей жаңа ұрпақты білікті маман иесі етіп шығару.

 

Юнусова Мавлюда Азимовна
2013 ж. - Қаржы; 2015 г. - Құқықтану; 2016 г. - Қаржы (магистратура)
Университеттің көпжылдық және даңқты тарихы бар. Мен өзіме Мирас университетінің қабырғасында білім алу бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Профессорлық-оқытушылық құрамның тәжірибесі мен таланты, студенттерді оқытуға ықыласты қарым-қатынасы, дәстүрлерге адалдығы көп жағдайда менің өмірлік жолым мен көптеген бітірушілердің тағдырын айқындап берді.
Еліміздегі жетекші ЖОО-лардың бірі болып табылатын университет біздің ЕЛІМІЗДІҢ қарқынды дамып жатқан өнеркәсібінің қажеттіліктерінен туындаған кез-келген міндеттерді шешуге қабілетті заманауи ғылыми және техникалық қауымдастықтың беткеұстарларларының қатарын толықтырып отырған біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда!
Сүйікті Мирас Университетіне шын жүректен ұзақ ғұмыр мен өсіп-өркендеуді, жаңа жеңістер мен жаңа үміттер тілеймін!
Ел игілігіне қызмет ететін ғылыми-техникалық кадрлардың жоғары деңгейін ұстап тұруды, жаңа мүмкіндіктер, жоспарлар, шығармшылық идеялар, батыл шешімдер мен жемісті жұмыс тілеймін. Және адал, талантты студенттеріңіз көп болсын, ал әрбір оқытушыға мықты төзім мен тыныштық тілеймін. Сондай-ақ, өз студенттеріңіз бен бітірушілеріңіздің жарқын болашағынан үмітті болыңыздар!
Мен Мирас Университетін жақсы көремін және менің ЖОО-мның болашағына сенемін! «P.S.» Дұрыс ЖОО таңда және дұрыс әрекет ет – бұл сенің болашағың!
Қазіргі уақыттағы жұмыс орным: Сарыағаш қаласындағы көпбейінді колледж.




Мадина Галеева
"Ұмтылыс пен еңбек-жетістік кепілі" Бүгінгі таңда Мадина Галиева Америка Құрама Штаттарындағы Санта Барбара қаласында орналасқан Калифорния Университетінде қазақ тілінен сабақ беруде. 2011 жылы Мирас Университетін тәмамдаған Мадина 5 жыл бойы ағылшын тілі мұғалім болып жұмыс атқарды. Осы уақыт аралығында ол еріктілердің қатарында жүріп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол ұшын созып отырған. Осылай, 2012 қазақ қызымыз АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Eagle Springs аталатын жазғы лагерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында 4 ай бойы жұмыс жасағанын да айта кеткен жөн. Екі жыл өткен соң, Мадина өз ісін бастауға бел буып, 2015 жылы Шымкент қаласында тіл орталығын ашып, балаларды IELTS, TOEFL секілді халықаралық емтихандарға дайындай бастаған. Бастаған ісін алға тарта жүріп, Мадина АҚШ мемлекетімен қаржыландыратын E-Teacher Бағдарламасының грантына ие болып, Орегон Университетінде қашықтықта білім алып шықты. Ал 2016 жылы Халықаралық Мәртебелі Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты атанып (2016-2017), Шымкент қаласының өкілі Мадина.
Қазақ елін насиxаттау мен мәдениетін таныстыру мақсатында Калифорния Санта Барбара университетінде қазақ тілінен сабақ беруді бастады.Аталмыш бағдарламасының жалпы таңдалған үміткерлер саны жыл сайын 400ден астам адам. Елімізден осындай мүмкіндік тек 2 үздік адамға ғана беріледі.Осылай,түлектеріміздің жеңіс жолдары жалғаса берсін!




Ақмарал Сман Махметхожақызы
Мирас университетінің 2015 жылғы түлегі. Технология бакалавры.
2015 жылы оқуын тәмамдағаннан кейін София қаласында (Болгария) тағылымдамадан өтіп келді, Y-PEER жастар желісінің үйлестірушісі болып жұмыс істеді.
2016 жылы Қазығұрт ауылы жастарының әлеуетін дамыту үшін Level Up бағдарламасын әзірледі және енгізді. 2016 жылдың 2-ші жартыжылдығында Мирас университетінің ақпараттық білім беру орталығы директорының м.а. болып жұмыс істеді. Кейінірек Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының ХҚҰ-дағы БҰҰ еріктілері қызметіне Астана қаласындағы бағдарламалық көмекші ретінде шақырып, онда әлі күнге дейін жұмыс істеп жатырмын.
Студенттерге айтарым, әлемді ақшамен басқаруға болады деп ойламаңыздар. Тәжірибе, білім жинақтаңыздар, қатынасты үзбеңіздер, өз-өзіңізді дамытыңыздар, өз-өзіңізден жобаны жасап, барлық күш-жігеріңіз бен уақытыңызды соған жұмсаңыздар. Жақсылықпен бөлісіңіздер, көш бастау дағдысымен бөлісіңіздер және әр нәрсеге риза болыңыздар, себебі Әлемде білім ала алмай жатқан 781 миллионнан артық сауатсыз адам бар.




Осипов Александр Александрович
2015 жылғы бітіруші
Қазіргі уақытта: «ҚАРЖЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС консалтингтік компаниясының бас директоры
Мирас Университетіндегі мамандығы: «Қаржы»
Туған қаласы: Шымкент
«Мирас университеті, атап айтқанда, тікелей "Қаржы" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен оқыған жылдары алға қойған мақсаттарыма жетуге көмектескен теориялық және тәжірибелік білімдерді сіңіре алды. Мирас Университетінің өзінде жастардың дамуына және олардың өздері білім алып жатқан салада табысқа жетуіне мүмкіндік беретін оң ахуал мен студенттерге деген жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Мирас Университетіне үлкен табыстар тілегім келеді, жеткен жетістіктерімен шектелмей, осы бағытта дами берсін!»







Камбарова Карина Юсупхановна
2012 жылы бітіруші қыз
Магистратура аяқтайтын жылы - 2013 ж.
Қазіргі таңда: Шымкент қаласындағы сауда интернет порталының жетекшісі http://kuplu.kz/, ҚР, ОҚО және Шымкенттегі - http://otdelkadrov.kz жұмысқа орналастыру әлеуметтік жобасының жетекшісі.
Мирас университетіндегі мамандық: «Менеджмент»
Мирас университетінде магистратура мамандығы : «Қаржы»
Туып-өскен қаласы: Шымкент
- -«Ең алдымен , Мирас университетінен білім алдым. Болашақтағы оқу жылдарымда ойлағандарымды іске асырудға көмектесті және нәтижесінде мен сүйікті іспен шұғылданып жатырмын . Университет атмосферасы ұстаздардың және студенттердің қарым-қатынасы жақсы.Мирас университетіне табыстар және жаңа жеңістер тілеймін! Келешектегі біздің еліміз Қазақстан Республикасының жастарын тәрбиелеу және оқытуды жалғастыру !»

 

 

 

Корбан Кира Сергеевна
2011 жыл - бітіруші қыз
Қазіргі таңда: Girne Аmerican University (Girne , North Cyprus)магистратурада оқып жатыр.
Мирас университетіндегі мамандығы: «Ақпараттық жүйелер»
Туып-өскен қаласы: Шымкент
-« Университет - келешектің негізі. Біз жиі ойланбаймыз, бірақ оқу жылдары қаланған іргетас үлкен өмір жолында табыспен басталатын болады. Мирас университеті табысты орын болды. "Ақпараттық технологиялар " департаменті тамаша оқытушылары берген білім ГАУда ( Girne Аmerican University , Girne , North Cyprus ) оқуда маған көмектесіп жатыр. Америкалық білім, жылы теңіз климат, өте достықты сүйетін орта, әр түрлі елдерден келген студенттердің, көптеген іс-шаралар және қызықты клубтар және қарапайым әдемі арал . ГАУда мен Ақпараттық Жүйелер Менеджменті мамандығымен магистратурада өз білімімді жалғастырдым . Оқу кешкі 18-00-де өтеді, студенттерге - магистранттарға бәріне жұмыс істеуіне мүмкіншілік берілген. Мирас Қазақстанда шет елдіктерге жаңа оқу шекараларды ашып жатыр! Мирасқа гүлдене берсін! Рахмет менің оқытушыларыма!My warm Welcome!»

 

 

 

Кулагина Надежда Игоревна
2011 жыл - бітіруші қыз
Қазіргі таңда: «Темірбанк» ЮКФ АО-да оперативті қызмет көрсету бөлімінде басты маман.
Мирас университетіндегі мамандығы: «Қаржы»
Туып-өскен қаласы: Шымкент


« -Әр жылы Мирас универсиеті қабырғасынан жүздеген мамандар бітіріп шығады. Олар өз білімдерін барлық салалар бойынша көрсетеді. Әр студент оқу бітіргеннен кейін өз саласы бойынша ірі фирмаларда жоғары жалақымен жұмыс істегісі келеді. Мен өз арманымды іске асырып, белгілі компанияға орналастым. Мирас университетіне шын жүрегіммен шығармашылық табыс, үлкен жеңістер, сондай-ақ жылулық пен жарқырау тілеймін. Сәттіліктер тілеймін!»

 

 

 

 

Кенесбаев Нурбол Жанатұлы
2013 жылғы түлек
Қазіргі таңда: «КазЭлМаш» ЖШС-де бас есепші.
Мирас университетіндегі мамандығы: «Есеп және аудит»
Туып-өскен қаласы: Шымкент


"- Мирас университетін бітіргенімді мақтан тұтамын. Өзімді толық маман ретінде сезінемін. Есепшілік жұмыс менікі екенін бірден білдім. Болашақта өз шеберлігімді, іздемпаздығымды арттырғым келеді, өйткені компанияда жұмыс көп. Осы оқу орнына тапсырамын ба? жоқ па? деп толғанып жүрген түлектерге айтарым, дұрыс нұсқа – «Мирас» университеті. Мұнда барлығын түсіндіріп, іздеген сұрақтарыңа жауап беріп, уақытыңды босқа жібермейсің."

 

 

 

 

Махажанова Жанар
2012 жылғы түлек
Қазіргі таңда: ОҚО туризм басқармасында, белді маман.
Мирас университетіндегі мамандығы: «Туризм»
Туып-өскен қаласы: Кентау


"- Мирас университетіне тапсыруға кеңес беремін және ол жақта уақыт жоғалтпастан білім аласың және сүйікті жұмысыңнан көп ақша табасың. Оқытушылар аз ғана уақыт ішінде білім беріп, түсіндіріп, іс- тәжірибеге көп көңіл бөледі. Менің күткенім ешбір кедергісіз-ақ жүзеге асты".

 

 

 

 

Музрапов Алишер
2013 жылғы түлек
Қазіргі таңда: Павлодар техника зауытында «Бағалар экспертизасы» бөлімінің басшысы.
Мирас университетіндегі мамандығы: «Экономика»
Туып-өскен қаласы: Шымкент


«Мен болашақ студенттерге баға үшін оқымау керек екенін, өзің үшін, болашақтағы мақсаттарың үшін және барлық жерде табысты болу үшін оқу керек екенін айтар едім. Сіздер өз ішкі ойларыңызды тыңдасаңыздар, не қалайтындарыңызды білсеңіздер ата-анаға алаңдамастан өз қалауларыңызды таңдасаңыздар болады. Егер өздерің оқудың не екендігін білмесеңдер ешнәрсе шықпайды. Мирас университетіндегі оқу басқа ЖОО-нан мына жайттарымен ерекшеленеді: сіз өзіңізге тура не қажет, соны ғана үйренесіздер, сізге керек емес пәндерге көңіл аудармаңыздар. Менің ойымша қысқа мерзім ішінде жоғары білім аламын деушілерге, алдыңғы қатарлы маман боламын, ақша табамын дегендерге Мирас университеті өте жақсы ыңғайлы оқу орны.»

 

 

 

Жукова Татьяна Алексеевна
2004 жылғы түлек
Қазіргі таңда: техника ғылымдарының кандидаты, "Мирас" Университетінің доценті
Мирас университетіндегі мамандығы: «Информатика»
Туып-өскен қаласы: Шымкент


«- Маған әрқашанда техника, соның ішінде компьютер мектеп жасынан ұнаған болатын. Болашақта оқитын немесе енді тапсыратын студенттерге берер кеңесім, жай ғана оқымастан әрдайым ізденісте болып, бұл саған не үшін қажет және қандай нәтижеге қол жеткізгілерің келеді, өзіңнің бар уақытыңды босқа жібермеуге ұмтылуың қажет. Сендерге шын мәнінде қандай мамандық ұнайтынын, және сол мамандықтың нағыз маманы болсаңыз сонда ғана сіздің өміріңіз жақсы жағына қарай өзгермек.»

 

 

 

 

Хван Александр Вениаминович
2009 жыл бітіруші түлек.
Қазіргі таңда: «Казкоммерцбанкі» АҚ-да карточкалардың қызмет ету бөлім басшысы
Мирас университетінде магистратура мамандығы: «Қаржы»
Туып-өскен қаласы: Шымкент, Казахстан


-«Мен қарым-қатынастың жаңа үлгісін берген және өз деңгейінде керемет білім берген Мирас университетіне алғысымды білдіремін. Мирас университетінде оқу маған керемет дұрыс жол таңдауды көрсетті».

 

 

 

 
Писарева Наталья
2005 жыл бітіруші қыз
Қазіргі таңда: «Казкоммерцбанкі» АҚ-да карточкалардың қызмет ету бөлім басшысы
Мирас университетінде мамандығы : «Қаржы»
Туып-өскен қаласы: Шымкент, Казахстан


- «Мирас университеті менің өмірімде үлкен орын алатыны күмәнсіз. Бұл университет жаһанданудың барлық жақсы жаңалықтарымен толы. Онда елдер және адамдардың шекарасы жоқ. Мен бұл университетке шын жүрегіммен қуаныштымын».

 

 

 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...