СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ

Студенттерге қызмет көрсету орталығы 2014 жылы "Мирас" университетінің Жарғысына сәйкес құрылды.
СҚКО негізгі функциялары:
- Барлық оқу жылына белгіленген мерзімде білім алушыларды пәндерге тіркеу, жазғы семестрге қайта тіркеу және тіркелу;
- Студентке қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және басқару;
- Студенттер мен магистранттардан өтініш қабылдау: оқуға қабылдау, оқудан шығару, қайта қабылдау, басқа жоғары оқу орындарынан және басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру, университет ішінде академиялық демалыстарды ресімдеу, мерзімін ұзарту, берешекті есептен шығару, жеке мәліметерді өзгерту;
- Кету парақтарын беру;
- Жеңілдіктер беруге құжаттарды қабылдау;
- Университет студенттерін академиялық анықтамалармен, сынақ кітапшаларымен, студенттік билеттермен қамтамасыз ету;
- Студенттер мен олардың өкілдерін ақпараттандыру, құлақтандыру және кеңес беру;
- Дипломдардың дубликаттарын, дипломға қосымшалардың дубликаттарын беру, қалпына келтіру, ауыстыру мәселелері бойынша кеңес беру;
- Оқу процесін басқарудың автоматтандырылған жүйесінде операцияларды жүзеге асыру;
- Білім алушылардың электрондық дерекқорына ақпаратты уақтылы және дұрыс енгізуді қамтамасыз ету;
- Анықтамаларды тіркеу және беру, олар бойынша есептік-бланктік құжаттарды ресімдеу;
- Университеттің іс-шараларын өткізу және ұйымдастыруға қатысу (дипломдар тапсыру, бакалаврлар мен магистрлердің жиналыстарын өткізу).