Үш тілде білім беру

Қазіргі заманғы әлемдешетел тілін білу, шын мәнінде, ақпарат пен инновациялардың ағыны орасан зор үлкен жаһандық дүниеге терезесін ашады. Шетел тілін меңгеру шетелде әлемнің үздік жоо-ларында білім алу мүмкіндігін береді және ғаламшардың озық елдерінде практикалық тәжірибе алу мүмкіндігін туғызады.

Осыған орай, университетте оқу үдерісіне үш тілде оқытудың инновациялық технологияларын ендіру жолымен бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған үш тілде білім беруді іске асыруға көңіл бөлінеді. Университет студенттерінің тілдік дағдыларын күшейту жөніндегі жұмыс бітіруші студенттерді интернационалдандыруға, ішкі және халықаралық еңбек нарықтарында сәтті бейімдеуге бағытталған.

Шетел тілінде сабақтарды өткізу 2015-2016 оқу жылында басталған, кейбір білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін эксперимент ретіндепәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқыту ұйымдастырылды. 2016 жылыҒылыми кеңестің шешімімен 2016-2020 жылдарға арналған Үш тілде білім беруді ендіру бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның мақсаты оқу үдерісіне үш тілде оқытудың инновациялық технологияларын ендіру жолымен бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған үш тілде білім беруді іске асыру болып табылады. Бағдарламаны кезеңімен іске асыру оқу пәндерінің 50% ана тілінде, оқу пәндерінің 30% ағылшын тілінде, алоқу пәндерінің 20% екінші тілде қағидаты бойынша оқытуға көшуді бастауға мүмкіндік береді.

Көптілділік бағдарламасы бойынша сабақтарды өткізген кезде оқытушылар пән мен тілді оқытуды ұштастыруға мүмкіндік беретін саналуан оқыту әдістемелерін қолданады, яғни ықпалдастырылған оқытуды іске асырады. Тілдік және коммуникативтік және кәсіби құзіреттерді, компьютерлік дағдыларды білім беру стандарттарының, университеттің заманауи білім беру ортасының талаптарына сәйкес жетілдіру үшін профессорлар-оқытушылар құрамына арнапМирас университеті оқытушыларының кәсіби шеберлік мектебі/Miras university teaching excellence school» біліктілікті арттыру бағдарламасы іске асырылады. Бағдарламаның басты міндеті озық педагогикалық тәжірибені, кәсіби білім берудің инновациялық технологияларын қорыту және тарату, ағылшын тәлін меңгеру деңгейін арттыру болып табылады




Жаңалықтар

26-ші ақпанда Туркестан қаласындағы  Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ  «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» тақырыпта жастар форумы өтті. Осы форумға «Мирас» университетінен президент кеңесшісі, ф.ғ.к. Османова ...
Қамқоршылар кеңесін құру туралы және оның құрамында қатысу бойынша өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды. Өтініштерді жергілікті өкілетті органдардың; атқарушы және құқыққорғау органдарының ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОРЫ «EЛБАСЫ» Қазақстанда және шетелде өткізілетін ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда, семинарларда, конгрестерде жас ғалымдар мен университет ...
Өзіңді үздік спикер ретінде ТEDx форматындағы “MirasTalks” конференциясына қатысуға шақырамыз. Ғылымға, білімге, бизнеске байланысты өз идеяңды өзгелермен бөліс те, “Best Speaker” немесе “Best ...
Құрметті мектеп түлектері мен олардың ата-аналары! Курс Иляева,3 көшесіндегi «Мирас» университетінің ғимаратында өтеді. Барлық сұрақтар бойынша 8 708 254 87 03 нөмеріне хабарласыңыз
Құрметті жұмыс берушілер!Жақсы қызметкерлерді іздейсіздерме? Оларды бізден таба аласыз!base.miras.edu.kz/cvbank/main сілтеме бойынша өтіп, бос орындарыңызды қалдырыңыз!
2017 жылдың 4 қыркүйек - 17 қараша аралығында Мирас университеті ағылшын тілі бойынша Nazarbayev University бағдарламасы бойынша біліктілікті көтеру курстары өткізді. "Білім берудің көшбасшылық ...
"Добро Мирас" клубы қайырымдылық концертімен студенттерді қуантты. Біріншіден,қайырымдылық жәрменкесі ұйымдастырылды, одан түскен қаражаттың барлығы мұқтаж адамдарға жұмсалады. Содан кейін ...