
Шымкентте жұмысшы және кәсіби мамандықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2023» Халықаралық чемпионатының аймақтық кезеңі басталды.
Кеше Шымкент қаласының Жастар Ресурстық Орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары арасында өтетін дәстүрлі ”WorldSkills Shymkent-2023” чемпионатының ашылу салтанаты атап өтілді. Ағымдағы жылдың 17-21 сәуір күндері аралығында өтетін өңірлік чемпионатқа 18 колледжден 204 студент 45 құзыреттілік бойынша қатысып, бағын сынамақ.