05.03.2021ж. «Мирас» университетінің «Шет тілдер» секторының менеджері Ташманова Г.Н. «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырып «Өзіңізді коронавирус, тұмау және ЖРВИдан қалай қорғауға болады?» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Жаңалықтар
«Ана – ардақты сөз» тақырыбында әңгімелесу
9 наурыз 2021 жылы химия, биология, дене тәрбиесі және спорт секторының аға оқытушысы Тайлиева А.К. онлайн режимде ХБ-2011к1 тобының студенттерімен «Ана – ардақты сөз» тақырыбында әңгімелесу өткізді.
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні
05.03.2021ж сағат 14:00 Мирас университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері «8-наурыз халықаралық әйелдер» күніне орай, университеттің қыздары мен әйелдеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Студенттік холлда арнайы флешмоб биін билеп, құттықтау хаттары мен тәттілер сыйлыққа берілді. Мұғалімдерге арналған құттықтау видеосы түсірілді.
Студенттерге арналған «Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру - азаматтық қоғамның міндеті» атты құқықтық дәріс
9 наурыз 2021 жылы құқық секторының з.ғ.к., аға оқытушысы Жаналиева А.Ж. «Химия, биология», «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне «Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру - азаматтық қоғамның міндеті» тақырыбында құқықтық дәріс өткізді.
Алғыс айту күні
02.03.2021ж Мирас университетінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің ұйымдастыруымен 1-наурыз алғыс айту күніне орай «Туған елге мың алғыс» атты видео ролик түсірілді.
Мақсаты: Қазақстан халқының бірлігін нығайту, барша халыққа алғыс білдіру. шараны сенім мен бейбітшілік мерекесі ретінде атап өту.
«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде университеттегі оқу процесін жүзеге асыру» тақырыбында дәріс
03.03.2021 жылы «Мирас» университетінің химия және биология, дене тәрбиесі және спорт секторының менеджері Сулейменова М.Т. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде университеттегі оқу процесін жүзеге асыру» тақырыбында химия және биология, дене тәрбиесі және спорт секторының 1-4 курс аралығындағы студенттерге дәріс оқыды.
Бизнес және басқару секторының менеджері Коптаева Г.П. студенттермен «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде университеттегі оқу процесінің барысы туралы» онлайн кездесуі
17.02.2021 ж.бизнес және басқару секторының менеджері Коптаева Г.П. онлайн режимде 1-4 курс студенттерімен «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде университеттегі оқу процесінің барысы туралы» кездесу өткізді.
«1 наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында ашық онлайн бейне дәріс
1 наурыз 2021 жылы «Мирас» университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша проректоры, т.ғ.к., ассоц. профессор Султанова В.И. «1 наурыз – Алғыс айту күніне» арналған онлайн дәріс өткізді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» тақырыбында ашық онлайн бейне-дәріс
1 наурыз 2021 жылы «Мирас» университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша проректоры, т.ғ.к., университеттің ассоц.профессоры Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған онлайн дәріс өткізді.