ШЭГУ академиясы және «Мирас» университеті

2015 жылдың наурыз айында ШЭГУ академиясы мен «Мирас» университетінің (Шымкент, Қазақстан) арасында білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық шарт және оған қосымша оқытушылармен алмасу туралы келісім жасалды. Бағдарламаны іске асыру аясында 2015 жылғы 10-24 сәуір аралығында «Мирас» университетіне ШЭГУ академиясының оқытушылары – тарих ғылымдарының кандидаты, жалпы ғылыми пәндер кафедрасының профессоры Н.А. Ефремова-Шершукова мен заң ғылымдарының докторы, профессор В.К. Самигуллин келіп кетті.

2015 жылғы 12-24 қазан аралығында ШЭГУ академиясына кері сапармен «Мирас» университетінің өкілдері – тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты В.И.Сұлтанова мен кедендік іс және құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты И.Д.Узденова барып қайтты. Олардың ШЭГУ академиясында болу бағдарламасы мазмұнды және әркелкі болды.

2015 жылғы 13 қазанда ШЭГУ акамиясы ғылыми кеңесінің мәжіліс залында ШЭГУ академиясының басшылығымен ресми кездесу өткізілді, онда қазақстандық әріптестердің Уфаға келу мақсаттары белгіленіп, міндеттері тұжырымдалды.

«Мирас» университеті өкілдерінің алдыңғы кезектегі міндеті – ШЭГУ академиясының студенттерімен дәріс өткізу болатын. Сондықтан, В.И.Сұлтанова «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» бағытындағы 1 курс студенттері үшін «Әлемдік өркениеттер тарихы» пәні бойынша лекциялық курс оқыды. «Құқықтану» бағытындағы 3 курс студенттері И.Д.Узденованың жетекшілігімен «Халықаралық құқық» пәні бойынша тереңдетілген курсты оқып-білді.

Бұдан бөлек, «Мирас» университеті өкілдерінің сапары барысында ШЭГУ академиясының проректорларымен бірқатар кездесулер өткізіліп, онда екі тарап үшін де мүдделілік туғызатын ынтымақтастықтың болашағы зор салалалары атап көрсетілді.

Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор С.В.Егорышевпен кездесу кезінде ғылыми-зерттеу саласындағы әрекеттестіктің болашағы зор бағыттары белгіленді. Кездесуге қатысушылар «Мирас» университетінің өкілдері мен олардың әріптестерінің мақалаларын «ШЭГУ жаршысы» ғылыми журналында жариялау, бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар мен басқа да түрлі деңгейдегі ғылыми іс-шараларды өткізу, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік емес білім беру нысандары мен жүйелерінің жұмыс істеуінің түрлі қырлары саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.

Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор И.Э.Кузеевпен және Тәрбие және ұжымдық жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы Е.Ф.Мякотинамен кездесуде осы жұмыстың түрлі бағыттарына қатысты мәселелер: ШЭГУ академиясында және «Мирас» университетінде жұмыс істейтін студент жастармен жұмыс бағдарламалары, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының жастар саясатына жауапты билік органдарымен әрекеттестік өлшемдері талқыланды.

2015 жылғы 22 қазанда «Мирас» университеті өкілдерінің ШЭГУ академиясының басшылығымен соңғы кездесуі өтіп, онда Қазақстаннан келген қонақтардың сапары қорытындыланды.

 

Осы кездесу барысында ШЭГУ академиясының бірінші проректоры Р.Ф.Габидуллин қонақтарды ШЭГУ академиясында қолданылатын электрондық және қашықтықтан оқыту жүйелерін тәжірибеде іске асырудың тұжырымдамалық негіздерімен және элементтерімен таныстырды. Осы тақырыпты талқылау кезінде ШЭГУ академиясының ректоры, профессор Е.К.Миннибаев оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру үшін виртуалдық ортаны пайдаланудың жоғары әлеуетті құндылығына назар аударды.

Сөз кезегі келгенде, қонақтар өз сапарларының нәтижелілігін, қонақжайлық деңгейін, ұйымдастырушылық сүйемелдеуді жоғары бағалады, сондай-ақ ЖОО-лар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша оң болжам жасады.

Ал ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегі бары күмәнсіз, себебі екі ЖОО-н да даярлаудың ұқсас бағыттары және мемлекеттік емес секторға жататындығы, ең бастысы  – қатысушылардың жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыруға деген ынта-ықыласы мен ізгі ниеттері біріктіреді.