1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай «Адалдық сағаты» іс-шарасының есебі

2019 жылдың 2 қыркүйегінде «Мирас» университетінде «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай «Адалдық сағаты» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Шымкент қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының әкімшілік құқық бөлімінің заңгері Жақан Жанарыс Алыұлы арнайы лектор ретінде шақылды.

Жақан Ж.А. студенттер мен мұғалімдерді білім күнімен және оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, студенттерді адалдыққа, парасаттылыққа, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсылыққа және оны болдырмауға атсалысуға шақырды.