«2019 - Франкофония» драма сайысы

15.04.2019 ж. Қазақстандағы Француз Альянсының қолдауымен, Шымкент Француз Альянсының ұйымдастыруымен драмалық қойылым сайысы болып өтті. «Мирас» университеті студенттері Якоб Гриммнің  «La Blanche-neige et les sept nains» спектаклін француз  тілінде көрсетті.

Әділ қазылар алқасында  Француз Альянсының қонақтары Bruguel Raïssa, Bruon Jeb, Gaelle Balle төрелік етті. Спектакль қатысушылары Жақсалық Феруза, Жүнісбекова Динель, Ибрагимова Асел, Турганбаева Маржан «Үздік дыбысталуы», «Үздік актриса», «Көңілді актер», «Көрермен көзайымы» атты номинациялар бойынша марапатталды.