Күндізгі бөлім

Online (қашықтықтан)

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» разработана для подготовки кадров в области педагогических наук в рамках направления подготовки учителей по языкам и литературе в соответствии с требованиями нормативно-правовых актов Республики Казахстан в области образования и согласована с представителями организаций образования.

Мақсаты қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі саласында теориялық білімі, тілді меңгерудің практикалық дағдылары, қазақ тілін оқытудың әдістері мен технологияларының кең спектрі, сондай-ақ оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын енгізу және білім беру саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау арқылы көшбасшылық қасиеттері бар білікті кадрларды даярлау болып табылады.

Өзектілігі педагогикалық ғылымдар саласында бітірушіге қажетті негізгі құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелерін қалыптастыруға жаңа көзқарасты іске асыру болып табылады.

Осы білім беру бағдарламасының артықшылығы жұмысқа орналасу орындарының кең таңдауы, жоғары ақы төленетін, тұрақты жұмыс, мансаптық өсу үшін жақсы мүмкіндіктер, сондай-ақ білім беру қызметтері саласында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады.

Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыруға қойылатын стандартты деңгейлік талаптарды ескере отырып, оқыту процесін сапалы ұйымдастыру үшін Қазақ тілі бойынша тілдік дағдыларды қалыптастыру;

Оқыту процесінің ғылыммен байланысын қамтамасыз ету;

Білім беру процесін құру, оқушылар ұжымында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оқудан тыс іс-шараларды жоспарлау және өткізу дағдыларын қалыптастыру;

Кәсіби құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; білім беру процесінің мониторингін жүзеге асыру қабілеті;

Білім алушылардың өзіндік зерттеу және аналитикалық қызметі үшін алғышарттар жасау;

Кәсіби қызметте пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу үшін арнайы ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын дарыту;

Әлеуметтік және жеке қасиеттердің қалыптасуы мен дамуы: анықтылық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, азаматтық, этикалық нормаларды сақтау;

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру арқылы жұмысқа орналасуға білім беру бағдарламасының түлектеріне көмек көрсету;

Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қазақ әдеби тілінінің ерекшелігін білу және коммуникативтік-сөйлеу қызметінің барлық түрлерінде тілдік материалды дұрыс пайдалануды жүзеге асыру;

Дифференциалды және интеграцияланған оқытудың лайықты педагогикалық технологияларын таңдау; педагогикалық мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық менеджментті іске асыру;

Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра білу, нәтижелерді талдау;

Өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдылары.

Білім беру бағдарламасы бойынша негізгі құзыреттіліктер

Қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;

Жүйелеуші: синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы, педагогикадағы жүйелік принципі) саласындағы білімдерді меңгеру, психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздену, формализациялау, құрылымдау және жүйелеу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;

Зертеушілік : гносеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу.

Кәсіби қызмет түрлері

Оқыту;

Бақылаушы;

Тәрбиелік;

Әдістемелік;

Зерттеу;

Әлеуметтік-коммуникативтік;

Өздігінен білім алу;

Мамандарды жұмысқа орналастыру болашағы

Білім беру (педагогикалық) (жалпы білім беретін орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда);

Ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі ғылыми қызметкер);

Әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа органдарында);

Ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде, мамандықпен тікелей байланысты ұйымдарда);

Әдеби кеңесші.


ДАҒДЫЛАР МЕН ҚҰЗІРЕТТЕР

Kaztest бағалау жүйесіне сәйкес тілдің C1 деңгейіндегі біліктілік

Кәсіби риторика

Тіл және әдебиеттің теориялық негіздерін, олардың даму тарихы мен қазіргі күйін білу

Кәсіби салада дербес компьютерлермен, кеңсе техникасымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдылары. Бизнесті жоспарлау негіздері

Шет тілдерін көп деңгейлі оқытудың авторлық әдістемесі

Жеке құндылықтарды және жеке мотивацияны трансформациялау. Стресске бейімделу және медиация. Салауатты өмір салтын ұстану. Мәдени және рухани даму


СПИКЕРЛЕР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕР

СЕРІКТЕСТЕР

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы

"Өрлеу" біліктілікті аттыру ұлттық орталығы" АҚ

"Төржан" жекеменшік гимназиясы

А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

Мектепке дейінгі мекемелер

Мектептер

Колледждер

Ғылыми-зерттеу орталықтары

Білім беру орталықтары

ТАБЫС

97 000-нан 350 000-ға ₸ дейін

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ

Мектеп базасында

  • Құжаттар өткізу:
    ҰБТ, жеке куәлік

  • Қабылдау сынақтарынан өту:
    Арнайы емтихан

  • Оқу ұзақтығы:
    3 жылдан бастап
Екінші жоғары білім

  • Құжаттар өткізу:
    Диплом, жеке куәлік

  • Қабылдау сынақтарынан өту:
    Сұқбаттасу, Арнайы емтихан

  • Оқу ұзақтығы:
    1 жыл 8 айдан бастап
ТжКБ базасында

  • Құжаттар өткізу:
    ҰБТ, жеке куәлік

  • Қабылдау сынақтарынан өту:
    Арнайы емтихан

  • Оқу ұзақтығы:
    2 жыл 6 айдан бастап


• Түсу үшін өтінім қалдыру •

Адина Әлібай және Шалқар Ұласбек. Студенттер, "ХХІ ғасырдағы тіл мен әдебиет" ғылыми конференциясының ІІ орын иегері