Күндізгі бөлім

Online (қашықтықтан)

5В042100 – «Сән дизайны» білім беру бағдарламасы жобалау саласында кадрлар даярлау үшін әзірленген.

5В042100 – «Сән дизайны» білім беру бағдарламасының мақсаты болашақ дизайнерлерді дайындау сапасына маңызды ықпал ететін бірқатар маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасының өзектілігі білім алушылардың қызығушылығын тереңдетумен байланысты және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, табиғи дарындылығын дамыту, өз бетінше жобалау және киім жасау теориясы мен практикасы бойынша білім алушылардың білімін байыту, оны көркем безендіру нысаны болып табылады.

Білім беру бағдарламасының артықшылығы жұмысқа орналасу орындарын таңдау мүмкіндігінің кеңдігі, жоғары ақы төленетін, тұрақты жұмыс, мансаптық өсу үшін жақсы мүмкіндіктер, сондай-ақ білім беру қызметтері саласында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады.

Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері

Студенттерді костюмді кәсіби жобалауға дайындау;

Студенттердің көркем жобалау саласында білім жүйесін және кәсіби-маңызды дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;

Студенттердің бейнелі ойлауын, қиялын, талғамын, жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Болашақ бакалаврларда тұлғаның шығармашылық және кәсіби-маңызды қасиеттерін дамыту және қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасы бойынша негізгі құзыреттіліктер

Кәсіби қызметтің құрылымдық негізін құрайтын композициялық тәсілдерді білу;

Форманы және кеңістікті анықтау құралдарын білу (ритм, тектоника, пропорция, масштаб және масштабтық, контраст - нюанс, симметрия - асимметрия, статика - динамика);

Қойылған міндеттерге жауап беретін жеке композициялық бейнені жасай білуімен шығармашылық қиялды байланыстыра білу;

Дизайнердің кәсіби қызметінің мазмұны мен түрлері туралы жүйелі практикалық-бағытталған әдістемелік білімді меңгеру;

Костюм дизайнерінің шығармашылық қызметінің негізгі принциптерін, жеке, жиынтық бұйымды, киімнің жоғарғы ассортиментін, ансамбль мен коллекцияны қазіргі заманғы сән үрдістерін ескере отырып жобалауға қойылатын талаптарды білу.

Кәсіби қызмет түрлері

Жобалық;

Ғылыми-зерттеу;

Көркем-эстетикалық;

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;

Сыни және сараптау.

Мамандарды жұмысқа орналастыру болашағы

Бейін бойынша жеке кәсіпкерлік қызмет және т.б.;

Шығармашылық бірлестіктердегі ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызмет;

Фестивальдарда, көрмелерде және басқа да іс-шараларда демонстрациялық және конкурстық қызмет;

Дизайнерлік шеберханалар;

Сән үйі;

Киноиндустриядағы, театрдағы костюм бойынша суретші;

Өз брендімен киім жасау.


ДАҒДЫЛАР МЕН ҚҰЗІРЕТТЕР

Педагогикалық қызмет және оқу үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Эргономика, антропометрия, түстер және материалдармен жұмыс істеу ерекшеліктерін білу

Кескіндеу тәсілдерімен және костюм композициясының көркемдеу құралдарын меңгеру

Дербес компьютермен, кеңсе техникасымен және кәсіби саладағы бағдарламалық жасақтамамен тәжірибелі жұмыс дағдылары

Шет тілдерін көпдеңгейлі оқытудың авторлық әдістемесі

Дербес құндылықтарды және жеке уәждемені түрлендіру. Күйзелістерге бейімделу және Медиация. Салауатты өмір салтына тарту. Мәдени және рухани даму


СПИКЕРЛЕР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕР

СЕРІКТЕСТЕР

DREAMSHIP ЖШС

Колор орталығы жарнамасы

Next level дизайн студиясы

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

Дизайн студиясы

Ателье

Мектепке дейінгі мекемелер

Мектептер

Колледждер

Ғылыми-зерттеу орталықтары

Білім беру орталықтары

ТАБЫС

100 000-нан 500 000-ға дейін ₸

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ

Мектеп базасында

  • Құжаттар өткізу:
    ҰБТ, жеке куәлік

  • Қабылдау сынақтарынан өту:
    1-ші шығармашылық емихан,
    2-ші шығармашылық емтихан

  • Оқу ұзақтығы:
    3 жылдан бастап
Екінші жоғары білім

  • Құжаттар өткізу:
    Диплом, жеке куәлік

  • Қабылдау сынақтарынан өту:
    Әңгімелесу


  • Оқу ұзақтығы:
    1 жыл 8 айдан бастап
ТжКБ базасында

  • Құжаттар өткізу:
    КТА, жеке куәлік

  • Қабылдау сынақтарынан өту:
    Шығармашылық емтихан


  • Оқу ұзақтығы:
    2 жыл 6 айдан бастап


• Түсу үшін өтінім қалдыру •• Кері қоңырауға тапсырыс беру •

Артемьев Виктор және Красников Алексей. "ART ZEPT" халықаралық конкурстарының және "BATIMAT Russia 2019" халықаралық құрылыс-интерьер көрмесінің қатысушылары (Мәскеу қ., РФ), 2019ж.

Динара Оралова. Шымкент қ. жастар ресурстық орталығының талантты жастарды қолдау бөлімінің бастығы

Юсуф Нуртаев. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, аға оқытушы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған

Абдуахат Мұратбаев. ҚР СО мүшесі, аға оқытушы. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Шымкент қ. және Түркістан облысындағы бірнеше монументалдық-скульпторлық жобалардың: "Жібек жолы" стеласының, "Мырзашөл" мүсіннің, "Сейдолла Бәйтереков", "Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би", "Құйын" ескерткіші, "Туған жер тұғырым" пано-бедерінің авторы болып табылады

Валиева Анастасия. Студент, XIXРНСК "Студент және ғылым: келешекке көзқарас" І дәрежелі дипломы, Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы