“Нашақорлық пен лудоманияның қауіптілігі” тақырыбында дискуcсия

“Нашақорлық пен лудоманияның қауіптілігі” тақырыбында дискуcсия

2026 жылғы 6 сәуір күні сағат 12:00-де «Мирас» университетінде «Нашақорлық пен лудоманияның қауіптілігі» тақырыбында дискуссия өтті. Іс-шараны техника ғылымдарының магистрі, оқытушы Ысырайыл Қ.М. ұйымдастырып, жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге нашақорлық пен лудоманияның адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін зиянын жан-жақты түсіндіру, олардың алдын алу жолдарын насихаттау және жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар, білім алушылардың зиянды әдеттерге деген теріс көзқарасын қалыптастырып, жауапкершілік сезімін арттыру, саналы өмірлік таңдау жасауға бағыт беру көзделді.

Дискуссия барысында нашақорлық пен ойынға тәуелділіктің пайда болу себептері, оның әлеуметтік, медициналық және психологиялық салдары кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, тәуелділіктің адамның жеке өміріне, отбасылық қарым-қатынасына, оқу үлгеріміне және болашақ кәсіби дамуына тигізетін кері әсері жөнінде нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда лудоманияның кең таралу себептері, интернет пен цифрлық технологиялардың әсері де қозғалды.

Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, әртүрлі көзқарастар талқыланды. Бұл өз кезегінде жастардың мәселені терең түсінуіне және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.

Аталған іс-шара студенттердің санасында зиянды әдеттердің қауіптілігі туралы нақты түсінік қалыптастырып, оларды салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сонымен қатар, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын нашақорлық пен лудоманияға қарсы күресте әрбір азаматтың рөлі маңызды екені атап өтілді.

Дискуссия нәтижесінде студенттер тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, қорытынды пікірлерін білдірді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті.

Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DWyW8nGjDzQ/?igsh

 

 

Последние новости

07 апреля 2026 года в Университете «Мирас», в рамках профилактически-просветительской работы здравпункта и психологической службы состоялась открытая гостевая лекция на тему: «Признаки суицидального ...
7 апреля 2026 г. в рамках реализации целевых индикаторов сектора права состоялся круглый стол на тему: «Правовая ответственность в сфере искусственного интеллекта».
Научный кружок «Молодой психолог» совместно с психологической службой Университета «Мирас» активно развивают партнёрские связи с профессиональными организациями города.
06.04.2026 года преподаватели и обучающиеся сектора бизнеса, управления и сферы обслуживания в рамках благотворительной акции «Твори добро: продвижение человеческих ценностей» посетили областную ...
2026 жылғы 6 сәуір күні сағат 12:00-де «Мирас» университетінде «Нашақорлық пен лудоманияның қауіптілігі» тақырыбында дискуссия өтті. Іс-шараны техника ғылымдарының магистрі, оқытушы Ысырайыл Қ.М. ...
В рамках воспитательной работы со студентами 25.02.2026 г., старший преподаватель Кожахметова С.Н., прочитала лекцию на тему «185-летие со дня рождения Алтынсарина Ибраи (Ибрагима) (1841–1889) — ...
02.04.2026 года в университете «Мирас» состоялась лекция на тему: «Проблемы наркомании: профилактика, лечение, медико-социальная реабилитация наркозависимых и аспекты противодействия незаконному ...
31 марта 2026 года в университете Мирас был организован дебат среди обучающихся на тему: «Искусственный интеллект: возможности и риски».