«Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара

«Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара

2026 жылғы 20 наурыз күні Мирас университетінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, студенттер мен оқытушылар арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау болды.

Мерекелік кешті жүргізушілер ашып, Наурыз мейрамының мәні мен маңызына тоқталып, келген қонақтарды құттықтады. Іс-шара барысында оқытушылар сахнаға шақырылып, жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.

Мерекенің шымылдығы қазақтың дәстүрлі «шашу» рәсімімен ашылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарлама аясында студенттер орындауында әндер шырқалып, көркем сөз оқылып, музыкалық және шығармашылық нөмірлер ұсынылды.

Сонымен қатар, «Тұсау кесер» дәстүрі сахналық қойылым арқылы көрсетіліп, ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды.

Іс-шара барысында «Наурызды білесің бе?» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылып, қатысушылардың білімдері сыналды. Белсенділік танытқан қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Концерт соңында үлкендердің батасы беріліп, мерекелік кеш ұлттық дәстүрге сай қорытындыланды.

Сонымен қатар, мерекенің жалғасы ретінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар қол күрес, арқан тартыс және дойбы ойындарына белсене қатысып, өз бақтарын сынады.

Мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Наурыз мейрамы аясында ұлттық рух жаңғырып, бірлік пен татулықтың маңызы тағы да айқын көрініс тапты.

 

 

Последние новости

20.03.2026г. в Университете «Мирас» в рамках празднования Наурыза были организованы мероприятия, направленные на сохранение и популяризацию национальных традиций, а также укрепление дружбы и единства ...
2026 жылғы 20 наурыз күні Мирас университетінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді.
18 наурыз 2026 жылы Мирас университетінде Ұлттық киім күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл іс-шара қазақ халқының ұлттық киімдері мен мәдени мұрасын дәріптеуге, студенттер мен оқытушылардың ...
19 марта 2026 года в 10:00 Ольжатаева Б.Т., старший преподаватель сектора «IT и телекоммуникаций» Университета «Мирас», прочитала лекцию на тему «Идея целостной личности и современная молодежь» для ...
19 марта 2026 года в университете «Мирас» была проведена беседа на тему: «Социальные последствия наркозависимости». Мероприятие провела кандидат юридических наук, старший преподаватель сектора права ...
В преддверии праздника Наурыз, 18 марта 2026 года, в рамках активизации волонтерского движения обучающиеся и преподаватели сектора естествознания, физической культуры и дизайна Университета «Мирас» ...
18 марта 2026 года в Университете «Мирас» состоялась беседа на тему: «Профилактика правонарушений среди обучающихся и обеспечение безопасности жизнедеятельности».
С 5 по 17 января 2026 года делегация сектора педагогики и психологии Университета «Мирас» прошла стажировку в Университете Гази (г. Анкара). Визит стал важным этапом развития международного ...