Мирас Университетінің ресми сайты

«Қазақстан Республикасында азаматтардың мүдделерін қорғаудағы әділ мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел

11.03.2020 жылы құқық секторының магистр, аға оқытушысы Алтаева М.О.  «Қазақстан Республикасында азаматтардың мүдделерін қорғаудағы әділ мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге «Құқық» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

 

Дөңгелек  үстел «Мирас» университетінің  204 ауд.  өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі мемлекеттің қолында екенін түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ мемлекет бөлімінен ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау болып табылады.

Алтаева М.О. өз сөзінде әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісі заң үстемдігінсіз және азаматтарымыздың қауіпсіздігіне кепілдік берусіз сәтті жүзеге асырылмайтынын айтты.

Студенттер белсенді қатысып, пікір алмасты.