6B06102 – «Бағдарламалау және бағдарламалық пакеттерді әзірлеу» білім беру бағдарламасы ақпараттық-коммуникациялық дайындау бағыты шеңберінде компьютерлік ғылымдар мен IT-технологиялар саласында кадрлар дайындау үшін әзірленген.
6B06102 – «Бағдарламалау және бағдарламалық пакеттерді әзірлеу» білім беру бағдарламасының мақсаты ел экономикасын кәсіби саланың қарқынды жаңартуларына жылдам бейімделуге қабілетті, ғылымның, білімнің, техниканың, экономиканың, басқарудың және де бағдарламалау әдістерін меңгерген экономиканың басқа да салаларының тапсырмаларын шешу үшін қолданбалы математика мен информатиканың әдістерін, заманауи математикалық әдістердің негіздерін білетін, жоғары білімді мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін, тәжірибелік, коммуникативтік және көшбасшылық қасиеттерге ие, IT технологиялар саласында білікті кәсіби мамандармен қамтамасыз ету.
6B06102 – «Бағдарламалау және бағдарламалық пакеттерді әзірлеу» білім беру бағдарламасының өзектілігі қазіргі таңда барынша сұранысқа ие, бағдарламалау орталарында жұмыс істеу дағдыларын меңгерген, есептеу техникасы мен бағдарламалау аясында мамандарды даярлау болып табылады.
Білім беру бағдарламасы оны білім беру стандарттары шеңберінде әрбір нақты білім алушының жеке қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік беретін етіп жасалған.
Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
- Жұмысқа орналасуға арналған орындардың кең таңдауы, жоғары ақы төленетін, тұрақты жұмыс, мансаптық өсу үшін жақсы мүмкіндіктер, сондай-ақ білім беру қызметтері саласында жеке кәсіпкерлік қызметті іске асыру мүмкіндігі.
- Саланың даму стратегиялары мен перспективаларын, өндіріс пен ғылымның әртүрлі салаларын компьютерлік модельдеу технологияларын ескере отырып әзірленген
- Білім алушыларды даярлау бейініне қосымша құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында тақырыптық байланысты элективті пәндердің трегі болып табылатын Minor бағдарламалары іске асырылуда.
Оқыту процесінің ғылыммен байланысын қамтамасыз ету;
Әсіби салада болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру;
Кәсіптік қызметтің объектілерінің жекелеген құрамдас бөліктері үшін пайдаланушы сұраныстарын талдау, домендік үлгілер мен техникалық құралдардың мүмкіндіктері, кәсіби қызметтің объектілерін аттестациялау негізінде талаптарды және спецификацияларды әзірлеу;
Аппараттық-бағдарламалық кешеннің адам-машина интерфейсін, аппараттық-бағдарламалық кешеннің құраушыларының архитектурасын жобалау;
Компьютерлік ақпаратты өңдеу жүйелерінің компоненттерін құру және басқару, осы сападағы бағдарламалар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін жасау, аппараттық-бағдарламалық жүйелерді тестілеу және түзету, кәсіби қызмет объектілерін сертификаттау, кадрларды дайындау;
Есептеуіш жүйелер мен желілердің жүйелік, инструменталды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасын жөндеу, қызмет көрсету және орнату; әртүрлі жүйелердің бағдарламалық өнімдерін сүйемелдеу;
Аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жүйелерді, бағдарламаларды, алгоритмерді, теориялық және тәжірибелік әдістерді зерттеу, талдау;
Білім алушылардың өзіндік зерттеу және аналитикалық қызмметі үшін алғышарттарды құру;
Әртүрлі ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын үйрету, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, алынған ақпаратты жүйелендіру;
Әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру және дамыту: мақсаттылық, еңбек сүйгіш, жауапкершілік, азаматтылық, толеранттылық, этикалық нормаларды ұстану, топта жұмыс істеу қабілеті;
Бітірушілерге кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру арқылы еңбекпен қамтамасыз етуде білім беру бағдарламасының көмек беруі.
ДҚБЖ-ң, бұлтты технологиялардың негізгі санаттарын, Big Data Management, iot және есептеуші жүйеледің клиент-серверлік архитектураларын меңгеру;
MS Access, MS SQL Server, mysql, Oracle, Android Studio секілді әртүрлі ДҚБЖ-де мәліметтер массивтерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
Көп функционалды тапсырмаларды шешу үшін javascript, Java, PHP, C, HTML, CSS бағдарламалау;
Сенімділік пен тұрақтылық қағидаларын ескере отырып, заманауи операциялық жүйелерді және басқа да бағдарламалық өнімдерді құрастыру үшін бағдарламалық және аппараттық қамтаманы пайдалану, нақты уақыт жүйелерін жобалау, беруші/тұтынушы талаптарын ескере отырып Windows Server, Netware операциялық жүйесінде жұмыс істейтін параллельді компьютерлердің көмегімен үлестірілген мәліметтерді өңдеу;
Windows, Linux, Android және ios заманауи операциялық жүйелердегі қосымшалардың функционалдығын қамтамасыз етуші, С#, Java, javascript, Python, PHP заманауи бағдарламалық тілдерінде тапсырыс берушінің талаптарына сай бағдарлама жазу;
Windows, Linux, Android и ios заманауи операциялық жүйелерінде дайын бағдарламалық өнімдерді тестілеуден өткізу, жинақтау, іске асыру және жүргізе білу.
Аналитикалық;
Ұйымдастырушылық;
Өндірістік-басқарушылық;
Жобалық;
Ғылыми-зерттеу.
Орта жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерде, колледждерде, гимназияларда, институттарда, университеттерде, білім беру бөлімдері мен білім берудің басқа да салаларында;
Ғылыми-зерттеу институттар мен экономиканың әртүрлі салаларындаға басқа да мекемелерде;
Клиникалар, қалпына келтіру, медициналық орталықтар мен денсаулық сақтау саласының басқа да ұйымдарында;
Қаржылық, кредиттік және сақтандыру мекемелерінде; мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында
Транспорттық, телекоммуникациялық компаниялар;
Машина жасау, станок жасау салаларында, металлургиялық кешендерде;
Ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласында;
Халықаралық және шет ел компанияларында;
Республикалық және жергілікті деңгейлі мемлекеттік басқару органдары;
Экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік, шаруашылық және аналитикалық қызметтері түрлі салалардағы кәсіпорындар, аудандар мен меншік нысандарында.
"Мирас"Колледжі" Мекемесі;
"Қазтелерадио" АҚ Түркістан ОДРТ;
Desktop, Mobile бағдарламалық өнімдердің және Web-қолданбалардың бағдарламашысы
Oracle деректер базасын әзірлеу, әкімшілендіру және басқару және Microsoft SQL Server. 1C бағдарламалау
Компьютер жүйелері мен желілерін ұйымдастыру, әкімшілендіру және қорғау
Жүйелік талдау, ақпараттарды өңдеу және үлкен деректерді басқару (Big Data, Data Mining)
Шетел тілдерін көпдеңгейлі оқытудың авторлық әдістемесі
Дербес құндылықтарды және жеке уәждемені түрлендіру. Күйзелістерге бейімделу және Медиация. Салауатты өмір салтына тарту. Мәдени және рухани даму
WEB-бағдарламашы, "CodeUp" ІТ-мектебінің негізін қалаушы, ІТ халықаралық университетінің түлегі
Бағдарламасының стипендианты, Master of Science In Information Technology with Merit, The University of Nottingham, Ұлыбритания
WEB шешімдерді әзірлеу саласында 8 жылдан астам жұмыс тәжірибесі. Логистика және білім беру саласында жоғары жүктелген шешімдерді қолдана отырып saas өнімді (онлайн-сервис) жобалау және әзірлеу. Технологиялардың негізгі стектері: REST, AJAX, PHP, Laravel, PostgreSQL, MySQL, Vue.
Full-Stack WEB әзірлеуші. PHP, Magento, Laravel, Python, JavaScript, Angular
Сертификатталған бухгалтер тәжірибеші 1С: 1С:ERP Өндіріс және жөндеу консультант маманы
"Қазақтелеком" АҚ
"Алма-ТВ" ЖШС
"Транстелеком" АҚ ШФ
1-ші курстан бастап мына ұйымдарға жұмысқа орналасту:
Барлық ұйымдардың ақпараттық және ІТ-бөлімдері
Телекоммуникациялық компаниялар
Ғылыми-зерттеу орталықтары
Білім беру және денсаулық сақтау салалары
Банктер
Сақтандыру компаниялары
Қаржы ұйымдары
Мемлекеттік мекемелер
Oracle деректер базасының әкімшісі — 1 375 000-нан
1 925 000-ға дейін ₸
.NET әзірлеушісі — 1 100 000-нан 1 925 000-ға дейін ₸
Java-әзірлеуші — 1 350 000-ға дейін ₸
PHP-бағдарламашы — 1 350 000-ға дейін ₸
Әзірлеуші бағдарламашы — 1 100 000-нан до 1 260 000-ға дейін ₸
Web-дизайншы — 1 100 000-нан ₸
Senior Frontend Developer — 945 000-нан ₸
Жужоев Осман. Android Middle әзірлеуші "Teredo" ЖШС
Шавкатов Дияр. "Эврика" ЖШС веб бағдарламашысы
Абсадық Бағдәулет. "Republic boutique" ЖШС бағдарламашысы
Даулетов Калтай. Әділет департаменті, жүйелік әкімші Саламат Мұратұлы Жалдыбаев, "Қазақстан" РТРК" АҚ
Тайман Абай. ОҚО ІІД бағдарламашы
Туктибаев Марат. "Шымкент әуежайы", ГПО инженер-электроншысы
Капкаев Дамир. "Kaspi Bank" Акционерлік Қоғамы, ИТ қызметтерінің қолдау инженері
Устюжанин Антон. "Жоғары оқу орнының оқы процесін автоматтандырылған басқару жүйесі" бағдарламалық өнімін әзірлегені үшін ҚР ӘМ авторлық куәлігі (№0678, 14.04.16 ж.)
Бахшиев Ибрагим. "Өз ісім-2017" стартап-жобалардың ІІ өңірлік конкурсының күміс жүлдегері
Скрипкин Михаил. "Серверлердің ойын хостингі". "Ғылым шарайнасы" ғылыми жобалар конкурсында 2 орын, Астана қ.
Пәндердің атауы | Пән циклі | ECTS | Пәннің қысқаша сипаттамасы |
Қазақ (орыс) тілі 1 | ЖБП | 5 | Оқытылатын мәселелер: қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктері, грамматикалық құрылысы; қолдану салалары бойынша базалық лексика (тұрмыстық, терминологиялық, жалпы ғылыми, іскерлік); сөзжасам тәсілдері, фразеологиялық бірліктер; аударма техникасының ережелері; орфография және пунктуация ережелері; Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлері; сөйлеу этикетінің ережелері; күнделікті, іскерлік, ғылыми-кәсіби қарым-қатынас жағдайындағы коммуникативтік мінез-құлық ережелері Қалыптастырылатын құзыреттер: тұрмыстық, ғылыми, кәсіби және іскерлік қарым-қатынас жағдайларында диалогтік және монологиялық нысандарда ауызша коммуникацияны жүзеге асыру; жазбаша сөйлеудің әртүрлі түрлерінде коммуникативтік ниеттерді іске асыру; электрондық пошта арқылы байланыстарды қолдау; ресми және бейресми байланыстар процесінде, күнделікті және кәсіби коммуникация саласында қарым-қатынас дағдыларын меңгеру; көпшілік алдында сөйлеу дағдылары; ауызша және жазбаша аударма дағдылары. | Шетел тілі 1 | ЖБП | 5 | Оқытылатын мәселелер: фонетикалық ерекшеліктер, грамматикалық құрылым, ағылшын тілі; қолдану салалары бойынша базалық лексика (тұрмыстық, терминологиялық, жалпы ғылыми, іскерлік); сөзжасам тәсілдері; аударма техникасының ережелері; орфография және пунктуация ережелері; сөйлеу этикетінің ережелері; күнделікті, іскерлік, ғылыми-кәсіби қарым-қатынас жағдайларында мәдениаралық ерекшеліктер және коммуникативтік мінез-құлық ережелері. Қалыптастырылатын құзыреттер: тұрмыстық, ғылыми, кәсіби және іскерлік қарым-қатынас жағдайларында диалогтік және монологиялық нысандарда ауызша коммуникацияны жүзеге асыру; жазбаша сөйлеудің әртүрлі түрлерінде коммуникативтік ниеттерді іске асыру; ресми және бейресми байланыстар процесінде, күнделікті және кәсіби коммуникация саласында қарым-қатынас дағдыларын меңгеру; көпшілік алдында сөйлеу дағдылары; ауызша және жазбаша аударма дағдылары. | Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) | ЖБП | 8 | Оқытылатын мәселелерр: саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану және психологияның негізгі санаттары; қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтары; қоғамның қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы рөлі контекстіндегі әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттары және олардың жұмыс істеу қағидаттары. Қалыптастырылатын құзыреттер: Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану, Психология ұғымдарын, идеяларын, теорияларын түсіндіру және түсіндіру; қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті проблемаларын, әлеуметтік процестерді сипаттау, талдау; әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы рөлі тұрғысынан олардың ерекшеліктерін талдау; қазақстандық қоғамның даму перспективаларын жобалау, әлеуметтік, саяси, жеке мәселелерді, тұлғааралық және әлеуметтік жанжалдарды шешу; әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін білдіру;; қоғамның әлеуметтік-саяси даму мәселелері бойынша идеяларды генерациялау және оларды таныстыру. | Дене шынықтыру 1 | ЖБП | 2 | Оқытылатын мәселелер: пән келесі мәселелерді қарастыруға бағытталған: адам өміріндегі дене шынықтырудың маңызы; дене шынықтыру мен спорттың құндылықтары; адам денсаулығын анықтайтын факторлар; салауатты өмір салты ұғымы және оның құрамдас бөліктері; дене тәрбиесінің әдістемелік негіздері, физикалық қасиеттер мен жеке қасиеттердің өзін-өзі жетілдіру негіздері; денсаулықты нығайтуға дене тәрбиесінің сауықтыру жүйелерінің әсері. Қалыптастырылатын құзыреттер: дене жаттығуларының, оның ішінде сауықтыру және бейімделетін дене шынықтырудың міндетті және жеке таңдалған кешендерінің орындалуын көрсету; салауатты өмір салтын қолдау; дене шынықтырумен айналысу процесінде негізгі дене қасиеттерін қолдау және дамыту; табысты әлеуметтік-мәдени және кәсіби қызмет үшін жеке денсаулықты нығайту, өзін-өзі жетілдіру құралдары мен әдістерін, қозғалыс белсенділігінің әртүрлі нысандарын меңгеру. | Жетістік философиясы | ЖБП | 5 | Өздігінен білім алу технологиясы; Оқыту стилі; Тұлғалық және кәсіби өзін-өзі анықтау; Ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері; Уақытты басқару технологиялары; Ақпараттық-технологиялық әлемдегі адам; Ресми тапсырмаларды орындау бөлігі ретінде компьютерлендіру; Электрондық технологиялар және ақпаратты өңдеудің негізгі түрлерінің манипуляциясы; Сәтті байланыс технологиясы. Конфликтология. Іскер қатынасхаттар. Іскерлік келіссөздер; Кәсіпкерліктің әлеуметтік-мәдени және технологиялық негіздері; Бизнесті жоспарлау | Философия | ЖБП | 5 | Оқытылатын мәселелер: философия категориялары, білім, ғылым, техника, технология, адам, өнер, Бостандық, мәдениет, қоғамдағы діннің рөлі мен орнын философиялық түсіну және түсіну, ғылыми таным әдістері, ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі философиялық ойдың эволюциясы. Қалыптастырылатын құзыреттер: шындықты философиялық ұғынудың ерекшелігін түсіну және түсіндіру; мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру және негіздеу; жобалау және зерттеу қызметін жүзеге асыруда әлемді ғылыми және философиялық танудың әдістерін көрсету; қазіргі қоғамның өзекті философиялық мәселелеріне, жаһандық проблемаларына қатысты өз ұстанымын дәлелдеу. | Информационно-коммуникационные технологии (на английском языке) | ЖБП | 5 | Оқытылатын мәселелер: ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мазмұны мен даму үрдістері; ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістері, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдері; компьютерлік жүйелер, операциялық жүйелер мен желілер архитектурасының тұжырымдамалық негіздері; Компьютерлік жүйелер мен желілер архитектурасы, негізгі компоненттердің мақсаты мен функциялары; желілік және веб-қосымшаларды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын әзірлеу тұжырымдамалары. Қалыптастырылатын құзыреттер: кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында, ғылыми және практикалық жұмыста және басқа да мақсаттарда қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдылары; нақты міндеттерді шешу үшін неғұрлым қолайлы технологияны таңдауды негіздеу; ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және тарату үшін ақпараттық Интернет ресурстарын, бұлтты және мобильді сервистерді пайдалана білу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді қолдана білу; ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын таңдауды талдау және негіздеу; әртүрлі қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу іскерлігі; қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жобалау қызметін жүзеге асыру. | Жетістік философиясы | ЖБП | 5 | Өздігінен білім алу технологиясы; Оқыту стилі; Тұлғалық және кәсіби өзін-өзі анықтау; Ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері; Уақытты басқару технологиялары; Ақпараттық-технологиялық әлемдегі адам; Ресми тапсырмаларды орындау бөлігі ретінде компьютерлендіру; Электрондық технологиялар және ақпаратты өңдеудің негізгі түрлерінің манипуляциясы; Сәтті байланыс технологиясы. Конфликтология. Іскер қатынасхаттар. Іскерлік келіссөздер; Кәсіпкерліктің әлеуметтік-мәдени және технологиялық негіздері; Бизнесті жоспарлау | Құқық негіздері | ЖБП | 5 | Пән мемлекеттің, құқықтың және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсініктерін; Қазақстан Республикасындағы азаматтық, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңдардың жалпы ережелері; алған құқықтық білімімен, кәсіби қызмет дағдыларымен жұмыс істей білуін қалыптастырады | Тіршілік қауіпсіздігі негіздері | ЖБП | 5 | Адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуі және қауіпті және өте қауіпті жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғаудың негіздері туралы білім мен дағдыларды; экологиялық дүниетаным, өмір қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық және құқықтық актілер саласында; Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс міндеттері, құрылу және жұмыс істеу принциптері; жеке қорғаныс құралдары туралы қалыптастыру | Математика | БП | 6 | Пән жоғары математиканың негізгі ұғымдарын және олардың әртүрлі салалардағы қосымшаларын оқытады, классикалық және қазіргі математиканың іргелі ұғымдарын, заңдары мен теорияларын қалыптастырады, нақты есептерді шешудің әдістері мен тәсілдерін үйретеді; математикалық әдістерді қолдану, ғылыми дүниетаным мен логикалық ойлау дағдыларын қалыптастырады | Математикалық логика | БП | 5 | Пәннің мақсаты логикалық есептерді шешу тәсілдері туралы алынған білімді жүйеге келтіруге мүмкіндік беретін математикалық логика туралы тұтас түсінікті қалыптастыру; математикалық логиканың негізгі ұғымдарын, компьютерлерде математикалық есептерді шешу кезінде алгоритмдерді өңдеу, талдау және негіздеу әдістерін оқып үйрену болып табылады. | Оңтайландырудың математикалық әдістері | БП | 5 | Пән әртүрлі сферадағы конструкциялардың, бұйымдардың және процестердің параметрлік сипаттауының біліктері мен дағдыларын қалыптастырады; ОПР математикалық әдістерін практикалық қолдану, материалдар мен технологияларды тиімді таңдау дағдыларына үйретеді; үйлесімділік теориясының әдістері мен тәсілдері туралы негізгі түсініктерді қалыптастырады. | Физика | БП | 5 | Пән әлемнің заманауи физикалық бейнесі және ғылыми дүниетаным туралы түсінікті қалыптастырады, іргелі заңдарды, физикалық зерттеулер әдістерін қолдану білімдері мен дағдыларын қалыптастырады; классикалық және қазіргі физиканың негізгі ұғымдарының, заңдылықтарының, теорияларының ішкі байланысы мен тұтастығындағы мәнін ашады | Электроника | БП | 5 | Пәнді меңгеру мақсаты жартылай өткізгіш аспаптарда электронды құрылғыларды жасау және қолдану мүмкіндіктерін, жұмыстың физикалық принциптері мен әдістерін, сонымен қатар оларды талдау және жобалаудың математикалық әдістері туралы түсініктерді қалыптастыру; жартылай өткізгіш технологиялардың негізгі кезеңдерін оқу, жартылай өткізгіш аспаптар теориясын меңгеру және оларды электрондық сұлбаларда қолдану болып табылады | Алгоритмдеу және бағдарламалау | БП | 6 | Пәннің мақсаты студенттерді Python, C, Java және т. б. сияқты жоғары деңгейдегі тілді оқыту арқылы программалау есептерін шешу кезінде қазіргі заманғы компьютерлік техниканы тиімді пайдалануға дайындау; студенттерді теориялық білімге үйрету және таңдалған тілде бағдарламалаудың тәжірибелік базалық технологиялық дағдыларын қалыптастыру болып табылады | Компьютерлік жүйелерді үйымдастыру және архитектурасы | БП | 5 | Пән әртүрлі мақсаттағы есептеуіш жүйелер мен желілерді құру, ұйымдастыру және зерттеу әдістері саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастырады және бекітеді, әртүрлі мақсаттағы компьютерлік және телекоммуникациялық жүйелердің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің базалық принциптерін оқытады, компьютерлік жүйелер мен желілерді құру, баптау және әкімшілендіру үшін практикалық білім береді. | Микропроцессорлық техника | БП | 5 | Пәнді оқытудың мақсаты микропроцессорлық негізде құрылған ақпаратты өңдеудің, басқарудың және бақылаудың электрондық құралдарын құру және жұмыс істеу принциптерін меңгеру; микропроцессорлық кешендер негізінде құрылған қазіргі микропроцессорлар мен микроЭЕМ, сонымен қатар құрылғылар мен жүйелерді қолдану және пайдалану тәсілдерін меңгеру болып табылады. | Операциялық жүйелер | БП | 5 | Пән компьютерлердің, жүйелер мен желілердің жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру құралдарын құру және жұмыс істеу принциптерін, ОЖ мақсаты мен функциялары және олардың жұмыс істеу тұжырымдамасы туралы білімді; әртүрлі ОЖ басқаруымен жұмыс істейтін компьютерде жұмыс жасау дағдыларын, ОЖ ішкі жүйелерін бағдарламалық басқару әдістерін қалыптастырады | Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика | БП | 5 | Пән ықтималдықтың негізгі теориясы мен математикалық статистиканың өлшемдік кездейсоқ шамалар шеңберіндегі өлшеулер теориясы мен функционалды анализді қатал қолданбай, олардың әр түрлі салаларда негізгі қолданылуы туралы білімдерін; есептерді шығару әдістерін игеруді, нақты процестердің математикалық модельдерін құру дағдыларын қалыптастырады | Қолданбалы математикалық статистика | БП | 5 | Пән ыңғайлы түрде ұсыну үшін өңделетін мәліметтерді ықтималды интерпретациялау, статистикалық деректерді жинауды, есепке алуды, жүйелеуді ұйымдастыруға арналған математикалық әдістер мен модельдер туралы ғылыми көзқарастарды, кездейсоқ процестерді, нейрондық желілерді қолдануды қоса алғанда, статистикалық мәліметтерді өңдеу саласындағы теориялық білім және практикалық дағдыларды қалыптастырады | Сызбатехника | БП | 5 | Пән әртүрлі типті сандық сұлбаларды құру, зерттеу және пайдалану кезінде қажетті автоматтарды, триггерлерді, комбинациялық сұлбаларды логикалық құрудың негізгі принциптері мен әдістерін оқытады, ЭЕМ функционалдық элементтерін құру кезінде қолданылатын схемотехникалық шешімдер әдістерін түсінуді, сандық элементтерді талдау және синтездеу есептерін шешуді қалыптастырады. | Дискретті математика | БП | 5 | Пән ойлауды қалыптастырудың негізгі әдістерін, логикалық функциялар теориясының негізгі түсініктерін, алгоритмдер теориясын, графикалық теорияны, кодтау теориясын зерттейді; бірқатар дискреттік математикадағы негізгі есептерді шешу дағдыларын қалыптастырады, мысалы жиындар теориясы мен қатынастар, графикалық теория, логикалық алгебраның функциялары | С++ тілінде бағдарламалау | БП | 5 | Пән функционалды мүмкіндіктер, C ++ бағдарламалау тіліндегі НББ-ның жалпы құрылымы мен механизмі туралы білімді қалыптастырады; стандартты модульдер мен қолданушылық процедураларды, бағдарламаларды жөндеу және тестілеу әдістерін қолдана отырып, қосымшаларды әзірлеу тәжірибесін жинақтайды | С# тілінде бағдарламалау | БП | 5 | Бұл пән C# жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінің функционалды мүмкіндіктерін және Net Framework кітапханаларын оқытады; кәсіби қызметтің есептері мен міндеттерін шешуде заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып C# ортасында бағдарламалау дағдыларын қалыптастырады. | Python 3 бағдарламалау тілі | БП | 5 | Пәннің мақсаты Python 3 бағдарламалау тілінің заманауи синтаксисін, IDLE ортасының функционалдығын зерттеу болып табылады; Python 3-те тапсырмаларды шешуде заманауи бағдарламалау әдістерін қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын қалыптастырады | Swift тілінің негіздері | БП | 5 | Пән Swift тілінің синтаксисін үйретеді, Mac OS және iOS операциялық жүйелеріне арналған бағдарламалау дағдыларын қалыптастырады; Swift тілінде бағдарламалаудың практикалық тәжірибесін қалыптастырады және мобильді бағдарламалау саласында жаңа бағытты дамытады | Java тілінде объектілі-бағытталған бағдарламалау | БП | 5 | Пән Java-дағы НББ негізгі парадигмалары, инкапсуляция, полиморфизм және мұрагерлік механизмдері туралы білімді; алгоритмдер жазу және бағдарламалар құру, Java-да НББ механизмін қолдану арқылы әртүрлі мәселелерді шешу арқылы құрылымдық және объектілік-бағытталған бағдарламалау теориясын шоғырландыру дағдыларын қалыптастырады | .Net Framework платформасында бағдарламалау | БП | 5 | Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің объектілі-бағытталған бағдарламалау бойынша іргелі білім алу, Microsoft Visual Studio бағдарламалау ортасының құрамы мен құрылымын оқып үйрену және оны кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында пайдалану болып табылады; визуалды бағдарламалау тілдерінің көмегімен Windows-формаларды жасаудың әдістері мен тәсілдерін үйретеді. | Бағдарламалау технологиясы | БП | 5 | Пән жоғары деңгейлі тілде алгоритмдеу және бағдарламалау, құрылымдық бағдарламалау, бағдарламалау тілдерінің классификациясын зерделеу, кіші бағдарламаларды, стандартты модульдерді, бағдарламалау стилін қолдана отырып, бағдарламаларды әзірлеу әдістерін игеру, бағдарламаларды түзету және тестілеу әдістерін қолдану саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастырады. | Бағдарламалық қамтаманы құрудың заманауи құралдары мен әдістері | БП | 5 | Пән дербес компьютерлерді құру мен олардың жұмысының ұйымдастырылуының теориялық негіздерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық проблемаларды шешудің заманауи техникалық құралдарын тиімді пайдалану әдістерін оқытады; алгоритмдік ойлауды дамыту; заманауи есептеу құралдарында жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады | Ақпараттық жүйелердің әкімшілігі | БП | 5 | Пән ақпараттық басқарудың әртүрлі деңгейлерінің бағдарламалық қамтамасыз ету талаптарына сәйкес ақпараттық басқару жүйелері мен ақпараттық процестердің әдістері және ақпаратты басқару жүйелерінің жұмыс істеуі үшін басқару шешімдері технологиялары туралы білімді; заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді және компьютерлік техниканы және перифериялық құралдарды қолдану тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады | Есептеуіш жүйелердің диагностикасы және сервистік қызмет көрсету | БП | 5 | Пән компьютерлік техникаға, автоматты диагностика және қалпына келтіру жүйелеріне техникалық қызмет көрсетудің теориялық негіздері мен практикалық дағдылары, бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері, аппараттық және аралас басқару түрлері, ақаулардың түрлері және олардың пайда болуының сипаттамалық белгілері, жалпы және арнайы мақсаттағы диагностикалық бағдарламаларды әзірлеу, сонымен қатар ақауларды анықтаудың алгоритмдері туралы білімді қалыптастырады | Интернет заттардың технологиялары (IoT) | БП | 5 | Пәнді оқытудың негізгі мақсаттары Интернет-заттардың (IoT) жаңа білімдері мен дағдыларын оқыту, RaspberryPi және Beagle Bone Black Wireless платформаларын үйрену, студенттерде маңызды техникалық міндеттерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру, Интернет заттардың (IoT) негізгі тенденциялары мен шарттарын, сондай-ақ әлеуметтік міндеттері мен мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады. | Веб-интерфейстерді құрастыру | БП | 5 | Пән оқу барысында да, сонымен қатар кейінгі кәсіби қызметінде әр түрлі веб-сайттарда және олардың веб-дизайнында құру үшін; әр түрлі мақсаттағы Интернет-сайттарды жобалау, құру және қызмет көрсету үшін білім, білік және дағдыны қалыптастырады | JavaScript сценарийлер тілі | БП | 5 | Пән JavaScript сценарийлер тілінің синтаксисін және оны интернет қосымшаларды бағдарламалауда тиімді қолдануды; JavaScript бағдарламалау тілінің негізгі мүмкіндіктерін және интернет-қосымшаларды бағдарламалаумен байланысты есептерді шешуде осы тілдің практикалық қолданылуын оқытады. | Php тілінде web-қосымшаларды құрастыру | БП | 5 | Пәннің мақсаты Php веб-қосымшаларын бағдарламалау тілін үйрену, веб-сайттарды жасауға арналған Php тілінің функцияларының үлкен жиынтығын қарастыру, интернет-бағдарламалау саласында теориялық және практикалық білімді бекіту, Php веб-қосымшаларын жасау тілін қолдану білімін меңгеру. | Деректер қорының жүйелері | БП | 5 | Пән МББЖ-нің теориялық негіздерін, мәліметтер базасын құру технологиясының негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін білуді; мәліметтерді іздеуді және өңдеуді ұйымдастырудың әдістері, мәліметтерді сипаттауға арналған тілдік құралдар, мәліметтердің негізгі модельдерін құру принциптерін; мәліметтер базасын құрудағы практикалық дағдылар; қазіргі МББЖ-де қолдануды қалыптастырады | DELPHI құрылғыларымен деректер қорын басқару жүйелерін құру | БП | 5 | Пән объектіге бағытталған бағдарламалау жағдайында мәліметтер базасын басқару жүйесін құру туралы білімді; мәліметтер базасын басқару жүйелерін зерттеумен, күрделі ақпараттық процестерді жобалаумен байланысты басқа арнайы пәндерді оқудың теориялық базасын игеруді; Delphi құралдарымен МББЖ дамыту дағдыларын қалыптастырады | Ақпарат теориясы | БП | 3 | Пән ақпарат теориясының негіздері және оны қазіргі заманғы компьютерлік жүйелерді оңтайландыруға қолдану туралы білімді қалыптастырады, хабарламалар көздері мен байланыс арналарының ақпараттық сипаттамаларын талдау арқылы басқару жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар іргелі теориялық мәселелерді қарастырады, хабарламаларды кодтау және декодтау принципиалды мүмкіндігін зерттейді. | Кодтау теориясы | БП | 3 | Пән қазіргі ақпараттық теорияны және кодтау теориясын, кодтау теориясының теориялық негізін кодтау теориясының негізгі тұжырымдамаларымен, Шеннон теоремаларымен сәйкес игеру дағдыларын; арнайы алгоритмдерді қолданып компьютерде ақпаратты кодтау дағдыларын қалыптастырады | Жобаларды топтық құрастыру | БП | 5 | Пән IT-жобалар мен бағдарламалық жасақтаманы құру бойынша командалық жұмыстың негізгі құрылымдары, қосымшаларды әзірлеу кезеңдері және жасалынымдарды құру сызбалары туралы білімді; командалық жұмыстың әдістемелері, сондай-ақ команданы дамытуды тиімді ұйымдастырудың бағдарламалық құралдарын; командада өзіндік жобаларды жазу дағдыларын қалыптастырады | Бағдарламалық қамтаманың метрологиясы | БП | 5 | Пәнді меңгеру мақсаты - бағдарламалық қамтамасыз етуді стандарттау және метрологияның негізгі әдістерін оқып үйрену, бағдарламалық өнімді тестілеу, дайын бағдарламалық өнімдер мен кешендерді пайдалану және сүйемелдеу әдістері мен тәсілдерін оқып үйрену, өлшеу құралдарының даму тенденциялары мен жай-күйін зерттеу және электрондық сигналдардың сипаттамаларын өлшеудің негізгі әдістерін, олардың дәлдігін бағалау болып табылады. | Бағдарламаларды өңдеудің құрал-жабдықтары | КП | 5 | Пән бағдарламалық жүйелерді жобалау және бағдарламалардың өмірлік циклін қамтамасыз ету саласындағы білім мен дағдыларды, бизнес-процестерді моделдеу негіздерін меңгеруді; жобалаудың қазіргі заманғы технологияларын (Computer-Aided Software/System Engineering (CASE) - технологиялар) қолданудың практикалық дағдыларын меңгеруді қалыптастырады | Компьютерлік графика | КП | 5 | Пән машиналық және компьютерлік графика негіздері мен графикалық бағдарламалық пакеттер, компьютерлік графикалық бағдарламалаудың негізгі әдістері оқытады; заманауи графикалық процессорларды қолданудың практикалық дағдыларын; заманауи графикалық пакеттерді қолдана отырып, үш өлшемді графикалық кескіндерді өңдеуді қалыптастырады | Комьпютерлік желілер | КП | 5 | Пән компьютерлік желілердің мақсаты, құрамы, құру және жұмыс істеу принциптері, компьютерлік желілерді қолданудың тиімділігі көздерін түсіну, қазіргі заманғы компьютерлік желілерді құру принциптері (құрылуы, құрылымы мен сәулеті) және анализі, заманауи компьютерлік желілердің өнімділігі мен сенімділігін есептеуге арналған құрылыс модельдері туралы дағдылар мен білімдерді қалыптастырады. | Ақпараттық жүйелердегі Smart-технологиялар | КП | 5 | Пән жаңа ақпараттық жүйенің жаңа тұжырымдамалары мен smart-технологияларын, түрлі қызмет салаларында smart-технологияларды қолдануды оқытады; заманауи smart-технологиялар мен smart-құрылғылардың мүмкіндіктерін талдау, ғылыми-зерттеу жобаларын жасау мен әзірлеуде smart-технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастырады | Ақпараттық жүйелерді жобалау | КП | 5 | Пәнді игерудің мақсаты жобалаудың этаптары мен кезеңдер құрамын және мазмұнын оқып-үйрену, жобалаудың әдістері мен құралдарымен танысу және жобалау жұмыстарын автоматтандыру, жобалаудың экономикалық-математикалық әдістерін меңгеру, деректер қорын құрудың теориялық негіздері, деректермен негізгі операциялар, деректерді іздеу мен өңдеуді ұйымдастыру әдістері туралы түсініктерді оқыту болып табылады | 1С бағдарламалау | КП | 5 | Пән 1С тілін үйрену арқылы кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп және қаржылық мәселелерін шешуде бухгалтерлік есеп үшін заманауи бағдарламалық пакеттерді тиімді қолдану; баптау, таңдалған қызмет саласының сұранысы бойынша 1С ортада қосымша модульдер жазу дағдыларын қалыптастырады | Ақпараттың киберқауіпсіздігі | КП | 5 | Пәннің мақсаты студенттердің ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздік туралы жалпы түсініктермен таныстыру және осының негізінде ақпараттық қауіпсіздік технологияларының негізгі ұғымдарын қалыптастыру және қызметтің барлық салаларында киберқауіпсіздік ережелерін қолдана білуді үйрету болып табылады; қорғалған ақпараттық жүйелердің әр түрлі типтерін жасау әдістері мен тәсілдерін оқытады. | Android Studio ортасында мобильді қосымшаларды құрастыру | КП | 5 | Пән Android платформасы, Java бағдарламалау тілі мен XML белгілеу тілін қолдана отырып, Android Studio дамыту ортасында мобильді қосымшалардың дамуы туралы теориялық білімді; Android Studio дамыту ортасында интернет қызметтерінің және интернет-дүкендердің мобильді нұсқаларына арналған мобильді бағдарламалау дағдыларын қалыптастырады | Mac OS үшін X-Code ортасында бағдарламалау | КП | 5 | Пәннің негізгі мақсаттары Х-Code визуалды бағдарламалау ортасында Swift және Objective-C бағдарламалау тілдерін оқып үйрену, сонымен қатар Mac OS және iOS операциялық жүйелері үшін бағдарламалау дағдыларын меңгеру болып табылады; Mac OS және iOS операциялық жүйелеріне арналған қосымшалар мен мобильді қосымшаларды бағдарламалау бойынша практикалық тәжірибені қалыптастырады. | Oracle-да желілік деректер қорын құрастыру | КП | 5 | Пән реляциялық деректердің негізгі ұғымдарын, МББЖ негізгі түсініктерін және Oracle МББЖ арқылы құрылымдалған SQL сұрау тілін оқытады; мәліметтер базасы жүйелері, үлкен көлемдегі деректерді өңдеу және басқару саласындағы бейін бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады | Big Data Management | КП | 5 | Пән «үлкен деректер» туралы негізгі ұғымдарды, үлкен көлемдегі деректерді басқару, үлкен деректерді қолдана отырып интеллектуалды және Smart-қосымшаларды жасау бойынша білімді; үлкен деректерді басқару, Big Data Management, үлкен деректер құрылымын жобалау және желілік деректер базасын құру саласындағы теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастырады | Сараптаушы және интелектуалды жүйелер | КП | 5 | Пәнді оқыту мақсаты: деректер қорының жүйелерімен және сараптамалық жүйелермен танысу, мәліметтерді ұсыну модельдерін, деректер базасына сұраныс тілдерін, білім беру түрлерін оқу, сараптамалық жүйелерді құру негіздерін оқу. Пәнді оқытудың міндеттері: сараптамалық жүйелерді ұсыну туралы теориялық білімді меңгеру; жасанды интеллектінің теориялық негіздерін оқу; сараптамалық жүйелерді құрастырудың практикалық дағдыларын меңгеру. | Робототехника және жасанды интеллект | КП | 5 | Пән нейрондық желілерді құруды үйретеді, тану және кластерлеу әдістерін қолдана білуді қалыптастырады, күйдіру және құмырсқа алгоритмі туралы білім береді; жасанды интеллектпен жұмыста қолданылатын тапсырмалар, әдістер мен тәсілдер туралы жалпы түсініктерді қалыптастырады. | Оқу іс-тәжірибесі | БП | 1 | Өндірістік іс-тәжірибе | БП | 5 | Дипломалды іс-тәжірибе | КП | 10 | Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтихан тапсыру | Қосымша пәндер циклі | 12 |