Бітірушінің біліктілігі

4S02310101 Аудармашы

Білім беру деңгейі: Техникалық және кәсіптік

Оқыту нысаны: Күндізгі

Оқыту тілі: Оқыту екі тілде жүргізіледі: орыс және мемлекеттік қазақ тілінде

Оқу мерзімі: Негізгі орта білім негізінде – 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім негізінде – 1 жыл 10 ай

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Аударма саласында тіларалық жазбаша және ауызша қызметтерді көрсету арқылы мәдениетаралық коммуникацияны жүзеге асыратын мамандар даярлау.


Қысқаша сипаттама

Бағдарлама аударма саласында кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу барысында білім алушылар тіларалық жазбаша және ауызша аударма жасау, әртүрлі тақырыптағы мәтіндермен жұмыс істеу, сондай-ақ мәдениетаралық коммуникацияны тиімді жүзеге асыру дағдыларын меңгереді. Бағдарлама шет тілдерін терең меңгеруге, коммуникативтік және кәсіби құзыреттерді дамытуға негізделген. Түлектер әртүрлі салада сапалы аударма қызметін көрсетіп, түрлі мәдениет өкілдері арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз ете алады.


Түлектердің дағдылары

Түлек біледі:

  • Заманауи компьютерлік технологиялар мен ақпаратты цифрлық өңдеу әдістерін қолдану.
  • Пәндік салалардағы терминологияны және стилистикалық нормаларды қолдану.
  • Аударма процесінің жеке немесе топтық жұмысын ұйымдастыру.
  • Ресми, іскерлік және техникалық құжаттардың, ғылыми және ғылыми-көпшілік мәтіндерді жазбаша аударуды жүзеге асыру.
  • Жалпы іскерлік және тұрмыстық салаларда жазбаша және ауызша аударманы жүзеге асыру.
  • Арнаулы кәсіптік салаларда тіларалық жазбаша және ауызша аударманы жүзеге асыру.

Мансаптық мүмкіндіктер

Түлек келесі лауазымдарда қызмет ете алады:

  • жазбаша аудармашы;
  • ауызша аудармашы (ізбе-із, синхронды);
  • аудармашы ассистенті;
  • мәдениетаралық коммуникация маманы;
  • аударма мәтіндерінің редакторы және корректоры;
  • гид-аудармашы;
  • шетелдік серіктестермен жұмыс жөніндегі маман;
  • аударма агенттіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкері.

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ

КҮНДІЗГІ БӨЛІМГЕ

  • Құжаттарды қабылдау:
    25 маусымнан 25 тамызға дейін

  • Ұсынылатын құжаттар тізімі:
    1. Білім туралы құжат (түпнұсқа);
    2. 3х4 - 4 фотосурет;
    3. №086-У нысанындағы медициналық анықтама, флюросурет;
    4. Жеке куәліктің көшірмесі (бар болса) немесе туу туралы куәліктің көшірмесі және ЖСН.


ЖЕҢІЛДІКТЕР
*• Кері қоңырауға тапсырыс беру •