Мирас Университетінің ресми сайты

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел Тақырыбы :"Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру"

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру"тақырыбында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара Шымкент қаласының жоғары оқу орындары ("Мирас" Университеті, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті және Орталық Азия Инновациялық университеті) арасында өтті.

 

Іс-шараның мақсаты: адалдық пен парасаттылық құндылықтарын түсіндіру; сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты өз пікірі мен ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға негізделген нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру; дін тұрғысынан мемлекет алдында жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Іс - шараның қорытындысы бойынша еліміздің әрбір азаматы "парасаттылық-ұлттың рухани өзегі, қоғам өмірінің нормасы"формуласының маңыздылығын терең ұғынуы тиіс деген қорытынды жасалды. Парасаттылық-әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруда маңызды тәрбиелік және рухани мәнге ие болды.

ҚР және Шымкент қаласының білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимылдарға мониторинг жасалды. Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының студенттері тарапынан бейнеролик көрсетілді.

Бұл іс-шараның оқу-тәрбиелік мәні зор болды.