Мирас Университетінің ресми сайты

««Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң нормаларын қатаң сақтау» тақырыбында ашық тақырыптық сағат

12.10.2021 сағат: 09-30 ZOOM форматында "Мирас" университетінің БФ-911 к-1, к-2, к-3, к-4, к-5, к-6, к-7 топтарының студенттерімен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес "«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң нормаларын қатаң сақтау" тақырыбында ашық тақырыптық сағат өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты: студенттерге сыбайлас жемқорлық мәселелерімен таныстыру, оның қоғамға әсерін түсіндіру.

Куратор М.О.Бекебаева: Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз  қажет деп атап өтті.

Нәтижесінде магистр, аға оқытушы М.О.Бекебаева студенттер сыбайлас жемқорлықпен күресіп, өз бойында патриоттық сезімді жоғарылатып, қаржы саласын терең меңгерген маман болуға ұмтылу керек деген қорытынды жасады.