Мирас Университетінің ресми сайты

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Әлжанова Жазиройсалханқызымен және мешіт имамы Ағзам Нұрлан Бақытжанұлымен "Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Студенттік ортада адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыпта

2021 жылдың 14 қазанында Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Әлжанова Жазиройсалханқызы мен мешіт имамы Ағзам Нұрланбақытжанұлының "сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Студенттік ортада адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру".

 

Іс-шараның мақсаты: адалдық пен парасаттылық құндылықтарын түсіндіру; сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты өз пікірі мен ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға негізделген нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру; мемлекет алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Бұл ұстаным мешіт имамы Ағзам Нұрлан Бақытжанұлының сөйлеген сөзінде ерекше атап өтілді.

Студенттерге ҚР "Сыбайлас жемқорлық туралы" Заңының баптары түсіндірілді, "парасаттылық", "адалдық құндылықтары"терминдерінің мәні ашылды. Студенттер қоғамдық мүдделердің жеке мүдделерден жоғары болуы тиіс екенін түсінуге, парасаттылық пен адалдықтың болмауына (әсіресе парақорлыққа ұшырау), лауазымдық жағдайын арам жолмен пайда табу үшін пайдалануға, сыбайлас жемқорлықты тудыруға бағдарланған болатын.

Іс-шараның қорытындысы бойынша еліміздің әрбір азаматы "парасаттылық-ұлттың рухани өзегі, қоғам өмірінің нормасы"формуласының маңыздылығын терең ұғынуы тиіс деген қорытынды жасалды. Парасаттылық-әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Іс-шара жастардың патриоттық сезімін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда маңызды тәрбиелік мәнге ие болды.