Мирас Университетінің ресми сайты

«Қазақстандағы исламдық бағыттағы деструктивті ағымдар: мәні және негізгі сипаттамалары» тақырыбында ашық тақырыптық сағат

19 сәуір  2021 жылы  сағат  17:00-де ZOOM  платформасында шет тілдері секторының аға оқытушысы Шойманова М.Б. ұйымдастыруымен  «Қазақстандағы исламдық бағыттағы деструктивті ағымдар» тақырыбында шет тілдер секторы студенттеріне ашық тақырыптық сағат өткізілді.

 

Ашық  тақырыптық сағат ИН-911к1н тобының  студенттері  және шет  тілдер  секторының   бірнеше  оқытушылары  қатысты.

Ашық  тақырыптық сағаттың мақсаты – жастар арасында деструктивті ағымдарға жол бермеу және алдын алу мақсатында сауат ашатын, танымды ақпарат беру.

Іс-шара барысында аға оқытушысы Шойманова М.Б. деструктивті ағымдардың мәні мен сипаттамаларын түсіндіріп берді. Сонымен қатар магистр, оқытушы Исмаилов Н.Ж. деструктивті діни ағымдар жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады деп айтып өтті.

Нәтижесі: студенттер өздеріне қажетті, пайдалы ақпаратқа ие болды.