Мирас Университетінің ресми сайты

«Діни экстремизм мен терроризм Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің қатері ретінде» тақырыбында дәріс

16 ақпан 2021 жылы  «Мирас»   университеті құкық секторының аға оқытушысы Оразымбетова З.Ш. ұйымдастыруымен  онлайн режимде  «Діни экстремизм мен терроризм Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің қатері ретінде»  тақырыбында дәріс- тренинг  өткізілді.

 

Мақсаты: терроризм және экстремизм, оның алдын алу жайында түсінік беру

Дәріс-тренингке Түркістан облысы дін істері басқармасының  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары Медет Мұзаппарұлы Халықов және құкық секторының менеджері Жуматаева Ж.А., аға оқытушылары Шинтаева Ф.Е., Серик Г. және университеттің 2 және 3  курс студенттері қатысты.

Іс шара  барысында «Деструктивті діни ағым жақтаушыларының психологиялық өзгерістері» тақырыбында бейне  материал  көрсетілді.

Шақырылған маман Медет экстремизм және терроризм  ұғымына түсінік пен қатар негізгі белгілерін және қарсы тұру,  алдын алу –  мемлекеттік саясатының басымдықтағы бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

Сонымен коса, студенттерді Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Экстремизге қарсы іс-қимыл туралы» заңдарымен, антитеррористік жұмыстармен таныстырып өтті.