Мирас Университетінің ресми сайты

«Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбында дәріс

05.11.2020ж. сағат 14.30 ZOOM платформасында т.ғ.к., ассоц.профессор Султанова В.И. «Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбында дәріс оқыды. ИФ-911р1, ИН-911 р -1 (а,н,ф,) ПМ-911 р1, ПТ-911 р1 топтарының 2 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында Султанова В.И.  Қазақстандағы діни ахуал туралы,  Қазақстанның зайырлы мемлекет болып табылатындығы, онда діни сенім рұқсат етілгендігі, бұл көпұлтты ел және барлық этностарға толерантты қарым-қатынас мәселесі маңызды екендігі айтылды. Сондай-ақ, Султанова В.И. исламдағы деструктивті ағымдар туралы, жастардың деструктивті ағымдарға қалай түспеу керектігі туралы сөз қозғады. Білім және ғылым министрлігі студенттердің қарауына ұсынған "«Западня» атты бейнефильм көрсетілді. Кездесу соңында студенттер бейнені талқылады.

 

Нәтижесі: жастармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.