Бағдарлама мамандардың бағыт бойынша кәсіби даярлығын тереңдетуге нысандалған, қолданбалы сипатқа ие
Тереңдетілген ғылыми-зерттеу даярлығы, докторантура бағдарламасы бойынша оқуды жалғасытруға қажетті оқытушылық қызмет
7M04107 – Қаржылық экономика (ғылыми және педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және қаржы саласында терең ғылыми-педагогикалық дайындыққа ие ғылыми сала үшін кадрлар даярлау үшін әзірленген.
7M04108 – Қаржылық экономика (бейіндік бағыт) білім беру бағдарламасы терең кәсіби дайындыққа ие экономика, қаржы және бизнес салалары үшін кадрлар даярлау үшін әзірленген.
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
қаржылық процестерді болжауға және үлгілеуге, инвестициялар тарту мен активтерді басқаруға қабілетті, қаржылық экономика, эконометрика, қаржылық талдау және тәуекелік-менеджмент саласында тереңдетілген білімі бар, сыни және аналитикалық ойлау қабілетіне ие жоғары білікті мамандарды даярлау.
7M04108 – Қаржылық экономика (бейіндік бағыт) білім беру бағдарламасының өзектілігі бизнес және басқару саласында бітірушіге қажетті негізгі құзыреттер мен оқыту нәтижелерін қалыптастыруға жаңа көзқарасты іске асыру болып табылады.
7М04107/08 – Қаржылық экономика білім беру бағдарламасы еңбек нарығының қажеттілігін және жұмыс берушілердің талаптарын қамтамасыз ететін мамандарды даярлаудың құзыретті үлгісі негізінде әзірленген. Бұл үлгі түлектердің негізгі құзыреттілігін, олардың дайындық деңгейін және нақты кәсіби функцияларды орындауға дайындығын сипаттайды.
Білім беру бағдарламасының артықшылығы жұмысқа орналасу орындарының кең таңдауы, жоғары ақы төленетін, тұрақты жұмыс, мансаптық өсу үшін жақсы мүмкіндіктер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызмет пен бизнесті жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады.
БББ коды | Жылдық оқу ақысы | 1 ECTS кредитінің құны | Игерілетін ECTS кредиттерінің саны | Кешенді емтихан | 7M04107 | 450 000 теңге | 7 500 теңге | 60 | 75 | 7M04108 | 450 000 теңге | 7 500 теңге | 60 | 75 |
7M04107 – Қаржылық экономика (ғылыми және педагогикалық бағыт):
Ғылым мен педагогикалық қызметтің таңдалған бағытында терең теориялық және практикалық дайындық;
Кәсіби мәдениет деңгейі жоғары, оның ішінде азаматтық ұстанымы бар, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті кәсіби қарым-қатынас мәдениеті бар мамандарды даярлау; жоғары оқу орындарында дәріс беру, ұйымдастыру-басқару, экономикалық, зерттеу, есептеу-жобалау және білім беру қызметін табысты жүзеге асыру; жоғары оқу орындарында педагогика және психология саласында қажетті білім алу және жоғары оқу орындарында сабақ беру тәжірибесі;
Мамандық бойынша барынша жылдам жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін еңбек нарығындағы магистрлердің шығармашылық әлеуетін, бастамашылығы мен жаңашылдығын, бәсекеге қабілеттілігін дамыту;
Білім алушыларда өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың белсенді өмір сүру барысында жаңа білімдерді өз бетінше шығармашылық игеру қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
7M04102 – Қаржылық экономика (бейіндік бағыт):
Өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, белсенді өмір сүру барысында жаңа білімді өз бетінше шығармашылық игеру дағдыларын қалыптастыру;
Кәсіби мәдениет деңгейі жоғары мамандарды даярлау;
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгеру;
Мамандық бойынша барынша жылдам жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін еңбек нарығындағы магистрлердің шығармашылық әлеуетін, бастамашылығы мен жаңашылдығын, бәсекеге қабілеттілігін дамыту;
Білім алушыларда өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың белсенді өмір сүру барысында жаңа білімдерді өз бетінше шығармашылық игеру қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
7M04107 – Қаржылық экономика (ғылыми және педагогикалық бағыт):
Тарих және ғылым философиясы саласындағы білімдерін көрсете білу, ғылым философиясының негізгі түсініктерін, логикалық талдау әдістері мен тәсілдерін білу;
Жоғары мектептің дидактикасы саласындағы білімдерін, жоғары мектепте сабақ өткізу дағдыларын көрсету қабілеті;
Басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясы саласындағы білімдерін, сондай-ақ басқарушылық қызметтің дағдылары мен қабілеттерін көрсете білу;
Халықаралық кәсіби ортаға ықпалдасу және кәсіби шетел тілін мәдениетаралық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану қабілеті;
Қаржы нарығының трендтерін, процестері мен құралдарын талдау, тәуекелдерді бағалау, экономикалық деректерді статистикалық және эконометрикалық талдаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, басқару шешімдерінің нұсқаларын таңдау қабілеті;
Зерттелетін экономикалық процестерді, құбылыстар мен объектілерді модельдеу негізінде кәсіпорын қызметінің, қаржылық және салалық нарықтардың, басқа да экономикалық ауыспалылардың негізгі қаржылық көрсеткіштерінің серпінін болжау қабілеті;
Қазіргі заманғы қаржы құралдарымен операция жасау және олардың құнын бағалау, іскерлік ортаның белгісіздігі жағдайында қаржылық тәуекелдерді сапалы басқаруды көрсету қабілеті;
Инвестициялық стратегияларды құру және жаңа өнімдер мен қызметтерді құру әдісі ретінде компания мен қаржы институтының инвестициялық саясатының тиімділігін негіздеу, компанияның активтері мен міндеттемелерінің портфелін басқару мүмкіндігі;
Халықаралық қаржы нарығы коньюктурасының үрдістерін, халықаралық сауда модельдері мен саясатын, халықаралық есеп жүргізу ережелерін талдау, экономикалық және құқықтық факторлардың исламдық қаржы институттарының жұмыс істеуіне әсерін айқындау, ұсынылатын исламдық қаржы өнімдері мен келісімшарттарды бағалау қабілеті;
Кәсіби салада ғылыми зерттеулер жүргізудің әдістемесі мен әдіснамасын; дербес зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеру; қаржы пәндерін оқытудың заманауи әдістері мен әдістемелерін қолдану;
Алынған кәсіптік білім мен дағдыларды докторантурада үздіксіз білім алуға, кәсіби қызметтің барлық кезеңінде біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін деңгейге дейін дамыту мүмкіндігі; кәсіби ортада шет тілін халықаралық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейде білу.
7M04102 – Қаржылық экономика (бейіндік бағыт):
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын талдау қабілеті; персоналдың еңбек қызметін ынталандыру бойынша жұмыс жүргізу; кәсіби қызметте іскерлік және басқарушылық қарым-қатынас тәсілдерін қолдану; кәсіби қызмет саласындағы менеджменттің ерекшеліктерін ескеру;
Басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясы саласындағы білімдерін, сондай-ақ басқарушылық қызметтің дағдылары мен қабілеттерін көрсете білу;
Халықаралық кәсіби ортаға ықпалдасу және кәсіби шетел тілін мәдениетаралық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану қабілеті;
Басқарушылық шешімдер қабылдау, олардың ықтимал салдарларын бағалау және олар үшін жауапкершілік; кәсіби қызмет барысында ақпараттың толықтығын талдау, бағалау, қажет болған жағдайда жетіспейтін ақпаратты толықтыру және синтездеу қабілеті;
Қаржылық қатынастар саласындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және талдау қабілеті, абстрактілі ойлау, талдау, қаржы нарықтарын синтездеу қабілеті;
Қаржылық талдау жүргізу әдістеріне ие болу, қаржы теориясы, қаржылық және банктік менеджмент, қаржы нарығы және ХҚЕС саласында қабылданған және жүзеге асырылған шешімдерді негіздей білу, алынған нәтижелерді тәжірибеде қолдануға дайын болу;
Қаржы-кредит, сақтандыру, салық, бюджет, инвестициялық қатынастар саласында қазіргі заманғы білім мен түсініктерді көрсету қабілеті;
Қаржы және несие бойынша қолданбалы зерттеулерді жоспарлау және жүргізу мүмкіндігі; компанияның активтері мен міндеттемелері портфелін басқару үшін қазіргі заманғы қаржы құралдарымен жұмыс істеу және олардың құнын бағалау мүмкіндігі;
Ұсынылған исламдық және басқа да қаржылық өнімдер мен келісімшарттарды бағалау мүмкіндігі;
Кәсіби салада және көптілді ортада іскерлік және ғылыми коммуникация құра білу; жаңа зерттеу әдістерін өз бетінше игеру, олардың қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінін өзгерту мүмкіндігі;
Қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарын ұйымдастыру мәселелері туралы түсінікке ие болу қабілеті.
Аналитикалық;
Өндірістік-басқарушылық;
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
Ғылыми-зерттеу (ғылыми және педагогикалық бағыт);
Эксперименттік-Зерттеу (бейіндік бағыт).
7M04107 – Қаржылық экономика білім беру бағдарламасының түлегі (ғылыми және педагогикалық бағыт) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары (ғылыми қызметкерлер, бас маман, инженер-жобалаушы, бөлім бастығы ретінде), отандық және халықаралық бизнес-құрылымдар, консалтингтік және қаржылық компаниялар, экономиканың нақты және мемлекеттік секторларын ұйымдастыру (қаржы директоры, несиелендіру департаментінің директоры, банктік тәуекелдер департаментінің директоры, senior tax consultant, pr маманы, field sales supervisor (ірі шетелдік компаниядағы супервайзер), қаржы it-менеджері), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, жоо сияқты ұйымдар мен мекемелерде жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне ие;
7M04102 – Қаржылық экономика (бейінді бағыт) білім беру бағдарламасының түлегі отандық және халықаралық бизнес-құрылымдарда, консалтингтік және қаржылық компанияларда, экономиканың нақты және мемлекеттік секторларының ұйымдарында (қаржы директоры, бөлшек несиелендіру департаментінің директоры, банк тәуекелдері департаментінің директоры, senior tax consultant, pr маманы, field sales supervisor (ірі шетелдік компаниядағы супервайзер), қаржы it-менеджері, инвестициялық немесе қаржы консультанты, сату жөніндегі инженер, қаржы менеджері, ipo ұйымдастыру және облигацияларды шығару жөніндегі консультант, портфельдік менеджер, қаржы талдаушысы, тәуекел-менеджер және аудитор ретінде) жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне ие.
Қаржылық және кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару мен талдау, капитал құны мен құрылымын анықтау әдістерін және ұйымның ағымдағы қызметін қаржыландыруды басқару әдістерін меңгеру
Активтерді құндық бағалау, айналым капиталын басқару, қаржыландыру бойынша шешімдер қабылдау, дивидендтік саясатты және капитал құрылымын қалыптастыру үшін қаржылық менеджмент
Стандартты теориялық және эконометриялық модельдер көмегімен экономикалық есептерді статистикалық модельдеу, экономикалық құбылыстар мен процестерді талдау саласындағы құзыреттілік
Фискалдық және монетарлық саясат шараларын пайдалана отырып, қаржы-кредит жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру жолдарын таңдай білу
Әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы компанияның қаржылық қызметінің нәтижелері мен тиімділігін бағалау үшін ақпаратты басқару және зерттеу
Білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырумен технологияны біріктіру және тәжірибені трансляциялау үшін зерттеу және әдістемелік дайындық
қаржыгер-бухгалтер, қаржы және кредит бөлімін басқару тәжірибесімен, бас бухгалтер және ЕДБ өңірлік филиалы директорының орынбасары.
Магистр, Al Hilal Банктегі сатылымдар жөніндегі менеджері
Қаржы талдамашысы, "Bank Centercredit" АҚ ірі және орта бизнесті кредиттеу секторының меңгерушісі
Бизнес талдамашы, қаржы консультанты, KBTU, Almaty, BSc Economics, University of Essex, Colchester, England, MSc Applied Economics and Data Analysis
"Сентрас Иншуранс" сақтандыру компаниясы" АҚ
"Фридом Қаржы" АҚ
"Kaspi bank" АҚ
"Цеснабанк" АҚ
"Қазақстан Халық банкі" АҚ
"Евразия" БК АҚ
"KMF" микроқаржы ұйымы
"Қазақстан Тұрғын үй жинақ банкі" АҚ
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
"Евразийский банк" АҚ
Банктер
Лизинг компаниялары
Ипотекалық компаниялар
Зейнетақы қорлары
Ломбардтар
Микрокредит ұйымдары
Сақтандыру компаниялары
Мемлекеттік басқару органдары
ЖОО
ҒЗИ
Қаржы менеджері — 150 000-нан 200 000-ға ₸ дейін
Инвестициялық немесе қаржы консультанты — 150 000-нан
200 000-ға ₸ дейін
Қаржы талдамашысы — 210 000-нан 250 000-ға ₸ дейін
Тәуекел-менеджер — 210 000-нан 250 000-ға ₸ дейін
Аудитор — 210 000-нан 250 000-ға ₸ дейін
Қаржы директоры — 300 000 ₸ дейін
Пәндердің атауы | Пән циклі | ECTS | Пәннің қысқаша сипаттамасы |
Сақтандыру модельдері және актуарлық есептер | БП | 3 | Оқытылатын мәселелер: қазіргі ғылым философиясының пәні мен негізгі түсініктері; қазіргі өркениет мәдениетіндегі ғылым; ғылымның пайда болуы және оның тарихи эволюциясының негізгі кезеңдері; ғылыми білімнің құрылымы; ғылымның динамикасы жаңа білімді қалыптастыру процесі ретінде; ғылыми дәстүрлер мен ғылыми революциялар, ғылыми рационалдылықтың тарихи типтері; ғылымның қазіргі даму кезеңінің ерекшеліктері; ғылыми прогресстің болашағы; ғылым әлеуметтік институт ретінде; қазіргі ғылыми білім құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары; педагогика ғылымының тарихы. Қалыптастырылатын құзыреттер: білімнің, белсенділіктің және әлеуметтік институттың ерекше түрі ретінде ғылымның негізгі ерекшеліктерін білу; ғылымның негізгі тарихи кезеңдері мен әр түрлі ғылыми әдісін білу; ғылым дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді бағдарлай білу; ғылым философиясының терминологиялық аппаратын меңгеру; логикалық талдау әдістері мен тәсілдерін меңгеру. |
Халықаралық экономика | БП | 5 | Оқытылатын мәселелер: халықаралық есеп; тәуекелдерді бөлу және бизнес циклдері; халықаралық валюта экономикасы; тәуекелдерді бөлу және толық емес нарықтар; валюта бағамдары және халықаралық инвестициялар; жаһандық капитал нарығы; мемлекеттік қарыз және тәуелсіз тәуекел; қаржылық тұрақтылық; макро/микропруденциалдық саясат. Қалыптастырылатын құзыреттер: валюта бағамын, халықаралық ағындардың модельдерін және инвестициялық шешімдерді анықтау мен сауда жасау модельдерін талдау және пайдалану дағдыларын меңгеру. |
Шетел тілі (кәсіби) | БП | 3 | Оқытылатын мәселелер: грамматикалық материал, арнайы лексика, терминологиялық материал; мамандықтың негізгі пәндеріне сәйкес келетін оқу материалы; кәсіби салада оқу, сөйлеу, тыңдау және жазу. Қалыптастырылатын құзыреттер: білім алушылардың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын меңгеру; иалықаралық кәсіби ортаға ықпалдасу; кәсіби шет тілін мәдениетаралық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде қолдану. |
Жоғары мектеп педагогикасы | БП | 5 | Оқытылатын мәселелер: жоғары мектеп педагогикасы ғылым ретінде, оның әдіснамалық негіздері; жоғары мектеп дидактикасының жалпы теориялық негіздері; жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі; жоғары мектепте оқытудың қозғаушы күштері мен принциптері; жоғары білімнің мазмұны; жоғары мектептегі заманауи білім беру технологиялары; жоғары мектеп тәрбие мен тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік институты ретінде; жоғары мектептегі тәрбиенің мәні. Қалыптастырылатын құзыреттер: жоғары мектепте оқыту негіздерін білу; ЖОО оқытушысының кәсіби-педагогикалық қызметінің нысандары, әдістері, білім беру технологиялары және ерекшелігі; жоғары мектепте сабақ өткізудің формалары мен әдістерін білу. |
Басқару психологиясы | БП | 5 | Оқытылатын мәселелер: ғылыми білім жүйесіндегі басқару психологиясы; басқару жүйесін зерттеудің негізгі тәсілдері; басшының жеке кәсіби тұжырымдамасы; басқарушылық қызмет аспектісі ретінде басқарушылық өзара іс-қимыл және шешім қабылдау процесі; негізгі басқару функцияларын іске асырудың психологиялық ерекшеліктері; басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясы; жеке басқару стилінің психологиясы. Қалыптастырылатын құзыреттер: басқарушылық қызметтің психологиялық мазмұнын, басшының жеке басқарушылық тұжырымдамасын, басқарушылық өзара іс-қимылдың теориялық негіздерін, негізгі басқарушылық функцияларды іске асырудың психологиялық ерекшеліктерін, басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясын білу; басқарушылық қызмет және өзара іс-қимыл саласындағы психологиялық зерттеу әдістемелерін меңгеру. |
Педагогикалық іс-тәжірибе [ФК] | БП | 4 | Кәсіби педагогикалық қызметтің нақты шарттарымен танысу. Кәсіби дағдыларды қалыптастыру және кәсіби педагогикалық қызмет тәжірибесін алу; Педагогикалық шеберлік негіздерін меңгеру; жоғары мектепте педагогикалық шығармашылыққа деген ынтаны нығайту. |
Зерттеу іс-тәжірибе | КП | 16 | Зерттеу іс-тәжірибесінің мақсаты ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарына назар аудару арқылы кәсіптік даярлау пәндерін меңгеру барысында алынған білімді, іскерлікті және дағдыларды тереңдету және бекіту болып табылады. |
Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау | Қосымша пәндер циклі | 12 | Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғаудың мақсаты зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуде қажетті білімге, іскерлікке және дағдыға қол жеткізу болып табылады |
Қаржы экономикасы | КП | 5 | Оқытылатын мәселелер: инновацияның рөлі; қаржы экономикасындағы математикалық әдістер мен компьютерлік технологиялар; қаржылық дағдарыстар; экзотикалық опциялар; құрылымдалған өнімдер; гибридті бағалы қағаздар; Банк ісі; тәуекелдерді, активтерді басқару; несиелік туынды құралдар, облигациялар, сақтандыру мәселелері; компанияның құнын бағалау, M&A; венчурлық капиталды тарту. Қалыптастырылатын құзыреттер: қаржы нарықтарындағы оқиғаларды және олардың экономикаға әсерін дербес зерттеу дағдыларын игеру. |
Бірігу және жұтылу келісімдеріндегі компанияларды бағалау | КП | 4 | Оқытылатын мәселелер: Инвестициялық банкинг принциптері; инвестициялық банктер жүзеге асыратын типтік қызмет түрлері (сату және сауда, зерттеу, біріктіру және сатып алу, несиелеу және депозиттер); банктік капитал және тәуекел; бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті талдауға шолу; бағалау әдістері; инвестициялық банк процесі. Қалыптастырылатын құзыреттер: бағалау модельдерін дайындау үшін ХҚЕС бойынша қаржылық есептіліктің жасалуы мен орындалуының дұрыстығын бақылау дағдыларын меңгеру. |
Қазіргі заманғы банктік қызметтер және исламдық банкинг | КП | 5 | Оқытылатын мәселелер: қазіргі заманғы банк қызметтері нарығының экономикалық мазмұны; жаңа банк қызметтерінің өмірлік циклі; қашықтықтан қызмет көрсету жүйелерінің сервистері және олардың тәуекелдері; Ислам банк өнімдерін пайдаланудың бейімделу мүмкіндіктері; ислам банкингін дамыту есебінен қаржы ресурстарын тарту. Қалыптастырылатын құзыреттер: экономикалық дамудың өзекті міндеттерін шешу кезінде ислам банкингінің әлеуетін талдау және пайдалану арқылы активтерді басқару қабілетін көрсету. |
Микроэкономика (ілгерілмелі деңгей) | БП | 5 | Оқытылатын мәселелер: тұтынушы мен өндірушінің сенімділік жағдайындағы мінез-құлық теориясы; белгісіздік жағдайындағы тұтынушыны талдау; экономиканы реттеудің нарықтық механизмі; сұраныс пен ұсыныстың икемділігі; салықтардың әсері; тұтынушының мінез-құлық теориясы; сұраныстың салыстырмалы статикасы және оны талдау; мінсіз бәсекелестік жағдайындағы фирманың мінез-құлқы. Қалыптастырылатын құзыреттер: микроэкономикалық талдауды қолдану дағдылары; микроэкономикалық модельдерді құру, алынған нәтижелерді түсіндіру және пайдалану дағдылары. |
Макроэкономика (ілгерілмелі деңгей) | БП | 5 | Оқытылатын мәселелер: тауар нарығының тепе-теңдігі; фискалдық және монетарлық саясат құралдарының әсері; жабық және ашық экономикадағы Макроэкономикалық тепе-теңдік және саясат; толық нарықтық бейімделу шарттары, тетіктің бұзылуы; икемді бағаларға жиынтық ұсыныс пен сұраныс; SRAS-тың оң көлбеуі; сұраныстың макроэкономикалық саясатын жүргізу проблемалары, өсудің неоклассикалық модельдері. Қалыптастырылатын құзыреттер: макроэкономикалық модельдеу дағдыларын игеру. |
Қаржылық эконометрика | БП | 5 | Оқытылатын мәселелер: қаржылық деректердің статистикалық сипаттамалары; сызықтық регрессияның классикалық моделі; қаржы нарықтарындағы кірістіліктің болжамдылығы; құбылмалылықты бағалау модельдері; активтердің баға белгілеу модельдері; көп өлшемді уақыт қатарларын модельдеу. Қалыптастырылатын құзыреттер: қаржы-эконометрикалық зерттеу әдіснамасын қолдану арқылы активтерді басқару дағдыларын меңгеру; барабар эконометрикалық модельді таңдау дағдылары; эконометрикалық бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен деректерге талдау жүргізу дағдылары; алынған нәтижелерді түсіндіру. |
Экономика мен қаржыдағы болжау | БП | 5 | Оқытылатын мәселелер: экономикалық және қаржылық деректер көздері және сыртқы болжамдар; мәліметтерді жинау және дайындау, ауытқулар, маусымдық реттеу, тиімділікті болжау шаралары; эконометрика модельдері; векторлық авторегрессия; байес векторлық авторегрессиясы; машиналық оқыту әдістемесі; болжамдардың саяси салдарын болжау сценарийі. Қалыптастырылатын құзыреттер: эконометриялық модельдеу және нәтижелерді түсіндіру арқылы қаржылық болжау дағдыларын қалыптастыру. |
Халықаралық сауда және даму теориясы | БП | 5 | Оқытылатын мәселелер: елдердің салыстырмалы артықшылықтарына негізделген сауда теориясы; монополистік бәсекелестік сауда теориясы; оффшоринг теориясы; трансұлттық корпорациялар; халықаралық этникалық желілердің саудаға әсері; сауданың елдердің дұшпандығына әсері. Қалыптастырылатын құзыреттер: халықаралық сауда мен теңсіздікті ынталандыратын факторларды анықтау дағдылары; сауда және даму саласындағы деректерді талдау дағдылары. |
Тікелей инвестициялар және венчурлық капитал | КП | 5 | Оқытылатын мәселелер: тікелей инвестициялар; PE қорын ұйымдастыру; жобалар мен кіру стратегияларын таңдау; PE және VC инвестицияларын бағалау; қайтару, РЕ мәмілелерін құрылымдау; портфельдік компанияларды басқару құнын арттыру, PE активтерін шығару. Қалыптастырылатын құзыреттер: PE және VC тиімділігін талдау, мәмілелерді таңдау, PE инвестицияларын бағалау, РЕ транзакцияларын құрылымдау арқылы активтерді басқару дағдыларын игеру. |
Борыштық қаржылық құралдар | КП | 5 | Оқытылатын мәселелер: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық құралдар; биржалық, биржадан тыс туынды құралдар; облигациялық құралдарды қарау, тұрақты кірісті бағалы қағаздарды бағалау; облигацияларға инвестиция салумен байланысты тәуекелдер; мерзімді пайыздық модельдер құрылымы туралы ғылым; алынған пайыздық мөлшерлемені бағалау. Қалыптастырылатын құзыреттер: баға әдістерін және туынды өнімдерге арналған сауда стратегияларын талдау арқылы тәуекелдерді бағалау дағдыларын игеру. |
Инвестициялық талдау (ілгерілмелі деңгей) | КП | 3 | Оқытылатын мәселелер: қосымшаларды бағалау, дивидендтердің жеңілдіктері; еркін ақша ағындарын қолдану; көбейту әдістері; венчурлық капиталдың қалдық құны; қаржылық модельдеу/болжау; несиелік талдау; банктің қаржылық есептілігін талдау; банктің қаржылық моделі; банктердегі инвестициялық идеяларды скринингтен өткізу. Қалыптастырылатын құзыреттер: компанияны бағалаудың негізгі интеграцияланған моделін құру арқылы активтерді басқару дағдыларын игеру, компанияның несиелік талдауын жүргізу. |
Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы [ФК] | Қосымша пәндер циклі | 8 | Теориялық оқудан алшақсыз жүргізілетін магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы магистрантты дербес ғылыми-зерттеу жұмысына дайындау болып табылады, оның негізгі нәтижесі магистрлік диссертацияны жазу және сәтті қорғау болып табылады. |
Бизнес зерттеулердегі жетілдірілген әдістер | КП | 5 | Оқытылатын мәселелер: маркетингтік зерттеулерді экономикалық модельдеу; стратегиялық басқару; персоналды басқару: кластерлеу және факторлық талдау, параметрлік және параметрлік емес әдістер, эндогендік және дәйектілікке қол жеткізу тәсілдері; құрылымдық модельдер, деректерді талдау панелі. Қалыптастырылатын құзыреттер: іскерлік зерттеулердің озық әдістерін қолдану, бағалау мен талдау нәтижелерін түсіндіру, нәтижелерін ғалымдар мен бизнес өкілдеріне ұсыну дағдылары. |
Опциондар, фьючерстер және басқа да туынды қаржылық құралдар | КП | 6 | Оқытылатын мәселелер: туынды қаржы құралдары; қаржылық инженерия; ықтималдықтар теориясы мен қаржылық математика әдістерін қолдану; классикалық айырбас және биржадан тыс ҚББ (форвард, фьючерстер, своп); опциондарды қолданатын сауда стратегиялары; ҚББ қосымшалары. Қалыптастырылатын құзыреттер: қаржылық менеджментте және инвестициялық талдауда ҚББ пайдалану арқылы активтерді басқару қабілетін көрсету; ҚББ пайдалану арқылы қаржылық жағдайларды талдау және модельдеу дағдылары. |
Сақтандыру модельдері және актуарлық есептер | КП | 6 | Оқытылатын мәселелер: актуарлық математика; қолданыстағы сақтандыру жүйесінің негіздемесі; жеке тәуекел модельдері; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өмірді сақтандыру модельдері; қайта сақтандыру қағидалары; сақтандырудағы тәуекелдер теориясының модельдері. Қалыптастырылатын құзыреттер: қаржылық жүйелерді модельдеу үшін ақша ағындарын белгісіздік және ықтимал модельдеу жағдайында шешім қабылдау теориясын қолдану дағдыларын меңгеру; сақтандыру тарифтерін есептеу әдістемесін қолдану дағдыларын меңгеру. |
Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы [ФК] 3 | Қосымша пәндер циклі | 2 | Теориялық оқудан алшақсыз жүргізілетін магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы магистрантты дербес ғылыми-зерттеу жұмысына дайындау болып табылады, оның негізгі нәтижесі магистрлік диссертацияны жазу және сәтті қорғау болып табылады. |
Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы [ФК] 2 | Қосымша пәндер циклі | 10 | Теориялық оқудан алшақсыз жүргізілетін магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы магистрантты дербес ғылыми-зерттеу жұмысына дайындау болып табылады, оның негізгі нәтижесі магистрлік диссертацияны жазу және сәтті қорғау болып табылады. |
Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы [ФК] 1 | Қосымша пәндер циклі | 4 | Теориялық оқудан алшақсыз жүргізілетін магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы магистрантты дербес ғылыми-зерттеу жұмысына дайындау болып табылады, оның негізгі нәтижесі магистрлік диссертацияны жазу және сәтті қорғау болып табылады. |
Пәндердің атауы | Пән циклі | ECTS | Пәннің қысқаша сипаттамасы |
Шет тілі (кәсіби) | БП | 2 | Қарастырылатын сұрақтар: грамматикалық материал, арнайы лексика, терминологиялық материал; мамандықтың негізгі пәндеріне сәйкес келетін оқу материалы; кәсіби салада оқу, сөйлеу, тыңдау және жазу. Қалыптасатын құзыреттіліктер: білім алушылардың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын меңгеру; халықаралық кәсіби ортаға кірігу; мәдениетаралық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде кәсіби шет тілін пайдалану. |
Менеджмент | БП | 2 | Қарастырылатын сұрақтар: қазіргі заманғы менеджменттің мәні мен өзіне тән белгілері, оның даму тарихы; бөлімше жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістері; басқарудың ұйымдық құрылымын құру принциптері; ұйымның мотивациялық саясатын қалыптастыру негіздері; заңгердің кәсіби қызметі саласындағы менеджменттің ерекшеліктері. Қалыптасатын құзыреттіліктер: бөлімше жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін іс жүзінде пайдалану дағдыларын меңгеру; басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын талдау; персоналдың еңбек қызметін ынталандыру бойынша жұмыс жүргізу; кәсіби қызметте іскерлік және басқарушылық қарым-қатынас тәсілдерін қолдану; кәсіби қызмет саласындағы менеджменттің ерекшеліктерін ескеру. |
Басқару психологиясы | БП | 2 | Қарастырылатын сұрақтар: ғылыми білім жүйесіндегі басқару психологиясы; басқару жүйесін зерттеудің негізгі тәсілдері; басшының жеке кәсіби тұжырымдамасы; басқарушылық қызмет аспектісі ретінде басқарушылық өзара іс-қимыл және шешім қабылдау процесі; негізгі басқару функцияларын іске асырудың психологиялық ерекшеліктері; басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясы; жеке басқару стилінің психологиясы. Қалыптасатын құзыреттіліктер: басқарушылық қызметтің психологиялық мазмұнын, басшының жеке басқарушылық тұжырымдамасын, басқарушылық өзара іс-қимылдың теориялық негіздерін, негізгі басқарушылық функцияларды іске асырудың психологиялық ерекшеліктерін, басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясын білу; басқарушылық қызмет және өзара іс-қимыл саласындағы психологиялық зерттеу әдістемелерін меңгеру. |
Магистрлік жобаны рәсімдеу және қорғау [ФК] | Қосымша пәндер циклі | 12 | |
Өндірістік іс-тәжірибе [ФК] | КП | 10 | Өндірістік практика магистранттардың оқу бағдарламасының іргелі және кәсіптік модульдерінің пәндерін оқу процесінде алған білімдері мен дағдыларын бекітуге, практикалық кәсіби іс-әрекеттегі дағдыларды дамытуға бағытталған. Тәжірибеден өту барысында магистрант жаңа технологиялар мен зерттеу әдістерін меңгереді, сонымен қатар кәсіби қызметке қосу үшін қажетті кәсіби және жалпы мәдени құзыреттіліктерді дамытады. |
Қаржылық эконометрика | БП | 4 | Оқытылатын мәселелер: қаржылық мәліметтердің статистикалық сипаттамалары; классикалық сызықтық регрессия моделі; қаржы нарықтарындағы рентабельділік; құбылмалылықты бағалау; активтерге баға белгілеу; көп өлшемді уақыт қатарларын модельдеу. Қалыптастырылатын құзыреттер: қаржылық-эконометрикалық зерттеу әдістемесін қолдану арқылы активтерді басқару дағдыларын игеру: барабар эконометрикалық модельді таңдау; эконометрикалық бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып, деректерді талдау дағдылары, эконометрикада алынған нәтижелерді түсіндіру. |
Қаржы экономикасы | КП | 5 | Оқытылатын мәселелер: инновацияның рөлі; қаржылық экономикадағы математикалық әдістер мен компьютерлік технологиялар; қаржылық дағдарыстар; экзотикалық опциялар; құрылымдық өнімдер; гибридті бағалы қағаздар; банк ісі; тәуекелдерді басқару; активтер; несиелік туынды құралдар; облигациялар, сақтандыру проблемалары; компанияның құнын бағалау; ЖАО; венчурлық капиталды тарту. Қалыптастырылатын құзыреттер: қаржы нарықтарындағы оқиғаларды және олардың экономикаға әсерін дербес зерттеу дағдыларын игеру |
Бірігу және жұтылу келісімдеріндегі компанияларды бағалау | КП | 5 | Оқытылатын мәселелер: инвестициялық банкинг принциптері; инвестициялық банктер жүзеге асыратын типтік қызмет түрлері (сату және сауда, зерттеу, біріктіру және сатып алу, несиелеу және депозиттер); банктік капитал және тәуекел; бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті талдауға шолу; бағалау әдістері; инвестициялық банк процесі. Қалыптастырылатын құзыреттер: бағалау модельдерін дайындау үшін ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есептілікті жасау мен рәсімдеудің дұрыстығын бақылау дағдыларын қалыптастырады |
Инвестициялық талдау (ілгерілмелі деңгей) | КП | 5 | Оқытылатын мәселелер: дивидендтік жеңілдік моделі; еркін ақша ағындары; қалдық құнын, венчурлық капиталды көбейту әдістері; қаржылық модельдеу/болжау; несиелік талдау; банктің қаржылық есептілігін талдау; банктің қаржылық моделі; банктердегі инвестициялық идеяларды скринингтен өткізу. Қалыптастырылатын құзыреттер: компанияны бағалаудың негізгі интеграцияланған моделін құру арқылы активтерді басқару дағдылары; компанияның несиелік талдауын жүргізу дағдылары |
Экономика мен қаржыдағы болжау | БП | 4 | Оқытылатын мәселелер: экономикалық және қаржылық деректер мен сыртқы болжамдардың көздері; деректерді жинау және дайындау, ауытқулар, маусымдық реттеу, тиімділікті болжау шаралары; эконометрика модельдері; векторлық авторегрессия; байес векторлық авторегрессиясы; машиналық оқыту техникасы; болжау сценарийі; болжамдардың саясат үшін салдары. Қалыптастырылатын құзыреттер: эконометриялық модельдеу және нәтижелерді түсіндіру арқылы қаржылық болжау дағдыларын көрсету |
Қаржы нарықтарының микроқұрылымы | КП | 5 | Оқытылатын мәселелер: институттар мен нарық құрылымы; күтулердің ұтымды тепе-теңдігі (REE); стратегиялық сауда модельдері; өтімділік және алгоритмдік сауда; шекті тапсырыс кітабының модельдері (LOB); микроқұрылым модельдеріне шолу. Қалыптастырылатын құзыреттер: мәселенің ғылыми сипатын анықтай білу, микроқұрылымда модельдеудің негізгі тәсілдерін ажырата білу, микроқұрылымда модельдеудің негізгі тәсілдерін қолдана білу |
Қаржылық тәуекелдерді басқару | КП | 5 | Оқытылатын мәселелер: қаржы нарықтары және қаржылық тұрақтылық; корпоративті сектордағы тәуекелдерді басқарудың заманауи тұжырымдамалары; коммерциялық банктердегі қаржылық тәуекелдерді басқару; тәуекелдерді өлшеу мен модельдеудің сандық әдістері; нарықтық тәуекелдерді басқару; несиелік тәуекелдерді басқару; операциялық тәуекелдер. Қалыптастырылатын құзыреттер: тәуекелдерді басқарудың интеграцияланған жүйесін құру дағдыларын қалыптастыру; тәуекелдерді басқару процесін әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу дағдылары |
Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы | Қосымша пәндер циклі | 5 | Ғылыми шығармашылық әдіснамасын игеру, шығармашылық ұжым құрамында ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын алу; пән саласындағы объектілерді (процестерді, әсерлерді, құбылыстарды, конструкцияларды, жобаларды) зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістерін игеру. |
Магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы | Қосымша пәндер циклі | 8 | Дербес ғылыми-зерттеу жұмысы ретінде жүргізу үшін қажетті жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, оның нәтижесі магистрлік диссертацияны жазу және сәтті қорғау болып табылады |