Бітірушінің біліктілігі

4S10150104 Туризм менеджері

3W10150103 Туристік агент

3W10150102 Саяхат жүргізуші

Білім беру деңгейі: Техникалық және кәсіптік

Оқыту нысаны: Күндізгі

Оқыту тілі: Оқыту екі тілде жүргізіледі: орыс және мемлекеттік қазақ тілінде

Оқу мерзімі: «Туризм менеджері» негізгі орта білім негізінде (9 сынып) – 2 жыл 10 ай
«Туризм менеджері» жалпы орта білім негізінде (11 сынып) – 1 жыл 10 ай
«Туристік агент» негізгі орта білім негізінде (9 сынып) – 1 жыл 10 ай
«Туристік агент» жалпы орта білім негізінде (11 сынып) – 10 ай
«Саяхат жүргізуші» негізгі орта білім негізінде (9 сынып) – 1 жыл 10 ай
«Саяхат жүргізуші» жалпы орта білім негізінде (11 сынып) – 10 ай

Білім беру бағдарламасының мақсаттары (Біліктіліктер бойынша)

  • Туризм менеджері: экскурсияларды, кіру, шығу және ішкі турларды ұйымдастыруды, әзірлеуді және өткізуді жүзеге асыратын мамандарды даярлау.
  • Туристік агент: туристік өнімді жылжыту (ілгерілету) мақсатында туристік агенттіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандарды даярлау.
  • Саяхат жүргізуші: экскурсияларды, кіру, шығу және ішкі турларды ұйымдастыруды, әзірлеуді және өткізуді жүзеге асыратын мамандарды даярлау.

Қысқаша сипаттама

Бағдарлама қазіргі заманғы туризм индустриясының барлық деңгейлеріне — қызмет көрсетуден (саяхат жүргізуші) бастап, сату (агент) және басқаруға (менеджер) дейінгі мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу барысында студенттер туристік өнімдерді әзірлеуді, маркетингтік зерттеулер жүргізуді, қонақ үй және көлік қызметтерін үйлестіруді, сондай-ақ мәдени-тарихи нысандар бойынша кәсіби экскурсиялар өткізуді меңгереді. Бағдарлама теориялық білім мен практикалық дағдыларды (ақпараттық технологиялар, коммуникация, қауіпсіздік) ұштастыра отырып, түлектердің туристік инфрақұрылымның кез келген нысанында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.


Түлектердің дағдылары (Оқыту нәтижелері)

  • Туристік қызметтің заңнамалық негіздерін және халықаралық тәжірибесін білу;
  • Туристік маршруттар мен өнімдерді (тур пакеттерін) жоспарлау, әзірлеу және сату;
  • Қонақ үй, туристік агенттік және туроператор қызметін басқару принциптерін қолдану;
  • Клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсету стандарттарын және кәсіби коммуникацияны меңгеру;
  • Экскурсиялық ақпаратты жүйелеу және мультимедиялық технологияларды қолдана отырып экскурсиялар жүргізу;
  • Маркетингтік құралдарды туристік нарықты талдау және жарнамалау үшін пайдалану;
  • Туристік қауіпсіздік, экология және этика нормаларын қатаң сақтау.

Мансаптық мүмкіндіктер

  • Басқару және ұйымдастыру: туризм менеджері, туристік агенттік немесе туроператор бөлімшесінің жетекшісі, қонақ үй менеджері, рекреациялық аймақтарды басқару маманы;
  • Сату және кеңес беру: туристік агент, туризм бойынша сату менеджері, халықаралық туризм бойынша кеңесші, туристік ақпараттық орталықтың маманы;
  • Экскурсиялық қызмет: экскурсовод (саяхат жүргізуші), тур жетекші, мұражай гиді, экскурсиялық бағдарламалар координаторы;

Даму және талдау: туризм жобаларын дамыту бойынша сарапшы, маркетинг және жарнама маманы.

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ

КҮНДІЗГІ БӨЛІМГЕ

  • Құжаттарды қабылдау:
    25 маусымнан 25 тамызға дейін

  • Ұсынылатын құжаттар тізімі:
    1. Білім туралы құжат (түпнұсқа);
    2. 3х4 - 4 фотосурет;
    3. №086-У нысанындағы медициналық анықтама, флюросурет;
    4. Жеке куәліктің көшірмесі (бар болса) немесе туу туралы куәліктің көшірмесі және ЖСН.


ЖЕҢІЛДІКТЕР
*• Кері қоңырауға тапсырыс беру •