Бітірушінің біліктілігі

4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі

Білім беру деңгейі: Техникалық және кәсіптік

Оқыту нысаны: Күндізгі

Оқыту тілі: Оқыту екі тілде жүргізіледі: орыс және мемлекеттік қазақ тілінде

Оқу мерзімі: Негізгі орта білім негізінде – 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім негізінде – 1 жыл 10 ай

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуын ұйымдастыру, ұйымдастырылған балалар қызметін жобалау және жүргізу, олардың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайын бақылауды жүзеге асыратын мамандарды даярлау.


Қысқаша сипаттама

Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру саласында білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу барысында білім алушылар балалардың мектепке дейінгі ұйымдағы өмірін ұйымдастыру, оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау және өткізу, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету бойынша кәсіби құзыреттерді меңгереді. Бағдарлама педагогикалық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдыларды дамытуға, балалармен және ата-аналармен тиімді жұмыс жүргізуге негізделген.


Түлектердің дағдылары

Түлек біледі:

  • Қоғамда және кәсіби ортада мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау;
  • Кәсіби салада жаратылыстану, математикалық, қоғамдық-гуманитарлық білімдерді қолдану;
  • Кәсіби салада қоғамдық-гуманитарлық білімді қолдану;
  • Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын көрсету, салауатты өмір салтына бағдарлану;
  • Заманауи компьютерлік технологияларды, ақпаратты сандық өңдеу әдістерін қолдану;
  • Тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыру;
  • Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау;
  • Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.

Мансаптық мүмкіндіктер

Түлек келесі лауазымдарда қызмет ете алады:

  • мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі;
  • тәрбиешінің көмекшісі;
  • балалардың іс-әрекетін ұйымдастырушы педагог;
  • ерте дамыту маманы;
  • мектепке дейінгі ұйымдағы педагог ассистенті;
  • балаларға күтім жасау және қарау жөніндегі маман;
  • әдіскер (қосымша дайындық болған жағдайда);
  • балаларды дамыту және мектепке дайындау орталықтарының қызметкері.

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ

КҮНДІЗГІ БӨЛІМГЕ

  • Құжаттарды қабылдау:
    25 маусымнан 15 тамызға дейін

  • Ұсынылатын құжаттар тізімі:
    1. Білім туралы құжат (түпнұсқа);
    2. 3х4 - 4 фотосурет;
    3. №086-У нысанындағы медициналық анықтама, флюросурет;
    4. Жеке куәліктің көшірмесі (бар болса) немесе туу туралы куәліктің көшірмесі және ЖСН.


ЖЕҢІЛДІКТЕР
*• Кері қоңырауға тапсырыс беру •