Бітірушінің біліктілігі

3W07230105 «Модельер-закройщик»

4S07230107 «Техник-технолог»

3W07230101 «Швея»

3W07230102 «Портной»

Білім беру деңгейі: Техникалық және кәсіптік

Оқыту нысаны: Күндізгі

Оқыту тілі: Оқыту екі тілде жүргізіледі: орыс және мемлекеттік қазақ тілінде

Оқу мерзімі: «Модельер-пішуші» жалпы орта білім негізінде (11 сынып) – 10 ай
«Техник-технолог» негізгі орта білім негізінде (9 сынып) – 2 жыл 10 ай
«Техник-технолог» жалпы орта білім негізінде (11 сынып) – 1 жыл 10 ай
«Тігінші» негізгі орта білім негізінде (9 сынып) – 1 жыл 10 ай
«Тігінші» жалпы орта білім негізінде (11 сынып) – 10 ай
«Арнайы-тігінші (Портной)» негізгі орта білім негізінде (9 сынып) – 1 жыл 10 ай
«Арнайы-тігінші (Портной)» жалпы орта білім негізінде (11 сынып) – 10 ай

Білім беру бағдарламаларының мақсаттары (Бекітілген)

  • Модельер-пішуші: Сән индустриясының талаптарына сәйкес киімдерді модельдеу және конструкциялау, соның ішінде пішімдер жасау және материалдарды пішу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мамандарды даярлау.
  • Техник-технолог: Костюм дизайнын, киімді конструкциялауды, күнделікті және арнайы киімдерді модельдеуді, тігін бұйымдарын кезең-кезеңімен дайындау технологиясын және киімді көркемдік декорлауды жүзеге асыратын мамандарды даярлау.
  • Тігінші: Машиналық және қол әдістерін пайдалана отырып, жеке және жаппай өндірісте бұйымдарды дайындау үшін технологиялық өңдеуді және әртүрлі тігін операцияларын орындайтын жұмысшы кадрларды даярлау.
  • Арнайы-Тігінші (Портной): Клиенттердің жеке қажеттіліктерін және өзекті сән трендтерін ескере отырып, сапалы және стильді киім жасауға қабілетті мамандарды даярлау.

Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы

Бағдарлама тігін өндірісінің барлық кезеңін — дизайнерлік эскизден дайын бұйымға дейінгі процесті қамтиды. Оқу барысында студенттер маталармен, фурнитурамен және кәсіби тігін жабдықтарымен жұмыс істеуді, заманауи тігін технологияларын, киімді жобалау мен цифрлық бағдарламаларды қолдануды меңгереді. Бағдарлама жұмысшы мамандарды да (тігінші), орта буын мамандарын да (технолог, модельер) дайындауға бағытталған, бұл өндірістік процестерді басқару және сапаны бақылау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.


Түлектердің дағдылары (Оқыту нәтижелері)

  • Киімнің көркемдік образдары мен эскиздерін әзірлеу.
  • Түрлі күрделіліктегі тігін бұйымдарын конструкциялау, модельдеу және пішу.
  • Кәсіби тігін жабдықтарында технологиялық карталарға сәйкес бұйымдарды тігу және құрастыру.
  • Материалдар шығынын есептеу, мата мен фурнитураны сапасына қарай таңдау.
  • Технологиялық процесті ұйымдастыру, өндірісті жоспарлау және дайын өнімнің сапасын бақылау.
  • Цифрлық бағдарламаларды (CAD/САПР) жобалау мен бақылау үшін қолдану.
  • Санитарлық нормаларды, қауіпсіздік техникасы мен кәсіби этиканы сақтау.

Мансаптық мүмкіндіктер

  • Дизайн және модельдеу: Модельер-конструктор, киім дизайнері, пішуші, стилист.
  • Өндіріс: Техник-технолог, тігін учаскесінің шебері, сапа бақылаушысы (ОТК), тігінші, тігін жабдықтарының операторы.
  • Басқару: Тігін өндірісінің координаторы немесе жетекшісі, ателье меңгерушісі.
  • Бизнес: Сән және тігін өндірісі саласындағы жеке кәсіпкер (жеке ателье немесе бренд ашу).

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ

КҮНДІЗГІ БӨЛІМГЕ

  • Құжаттарды қабылдау:
    25 маусымнан 25 тамызға дейін

  • Ұсынылатын құжаттар тізімі:
    1. Білім туралы құжат (түпнұсқа);
    2. 3х4 - 4 фотосурет;
    3. №086-У нысанындағы медициналық анықтама, флюросурет;
    4. Жеке куәліктің көшірмесі (бар болса) немесе туу туралы куәліктің көшірмесі және ЖСН.


ЖЕҢІЛДІКТЕР
*• Кері қоңырауға тапсырыс беру •